• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 20:42:16
Алматы
+35°

06 Сәуір, 2018 NEWS

Түрік инвесторлары екі жобаны іске асыру бойынша келіссөздер жүргізуде

Түрік инвесторлары Ақтөбе және Жамбыл облыстарында екі жобаны іске асыру бойынша келіссөздер жүргізіп жатыр

«Kazakh Invest» қолдау көрсетуімен «Dal Holding Investment CO.» компания өкілдерінің Ақтөбе және Жамбыл облыстары әкімдіктерімен кездесуі ұйымдастырылды. Кездесу барысында түрік инвесторлары агро-өнеркәсіптік және кен-металлургия кешендері саласында екі жобаны іске асыруға қызығушылықтарын танытты.

Тараз қаласында «Dal Holding Investment CO» түрік компаниясының өкілдері Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметовпен кездесті.

Кездесу барысында «Dal Holding Investment CO.» қаржы директоры, консультативтік кеңес мүшесі Демирджан Кусе компанияның құны 54 млн АҚШ долл. құрайтын барит концентратын өндіретін кен байыту комбинатын салу бойынша Жамбыл облысында жобаны іске асыруға қатысуға қызығушылығын білдірді. Жылына 75 000 тонна барит кенін байыту бойынша игеруден толық өндірістік циклінің мүмкіндігі талқыланды. Кездесу қорытындысы бойынша өңір басшысы инвесторлар ниетін қолдады.

Ақтөбе қаласында «Dal» компания басшысы Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Cерік Түленбергеновпен кездесті. Тараптар газ электр стансалары есебінен оны электрмен, жылу және көмірқышқыл газымен қамтамасыз етіп Ақтөбе облысында теплица кешенін салу жобасын кезеңді түрде іске асыру келешегін талқылады. Осы жоба бойынша инвестициялардың жоспарланып отырған жалпы көлемі 650 млн. АҚШ долл құрайды.

Кездесу барысында әкімдік басшылығы осы жобаны іске асыруға қызығушылығы мен инвесторларға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екендігін растады. Қазіргі уақытта Ақтөбе облысының әкімдігі теплица салу үшін алаңы 200 га болатын жер телімінің тиісті нұсқаларын қарастырып жатыр.

 «Dal Holding Investment CO.» компаниясы 1985 жылы құрылды, әлемдегі алғашқы 5 компанияның бірі ретінде сындарлы жабдықты әзірлеу мен жеткізумен айналысады. Цемент, құрылыс, энергетика, химия және минералдық ресурстар секторында жұмыс істейді. Компания Түркияда автоматтандыру бойынша алғашқы компаниялардың бірі болып табылады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір