• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 17:06:08
Алматы
+35°

14 Ақпан, 2018 Әдебиет

Түнгі елес

Бiр қорқыныш, бiр үрей бойды билеп, Тереземе қараймын жайлап қана

Аспан аптап,

Жер – тозақ,

Ай қап-қара,

Бiр уыс боп тарылып байтақ дала,

Бiр қорқыныш, бiр үрей бойды билеп,

Тереземе қараймын жайлап қана.

 

Неге үркемiн, апыр-ау, жата тұрмай,

Күнәм жоқ ед қорқатын, қашатындай.

Келдi әне! Кеудеммен баса қалдым,

Бiр албасты есiктi ашатындай.

 

Қара пәле тiсi аппақ, көзi қызыл,

Бетiн жапқан шашы да, өзi де ұзын,

Қарқ-қарқ күлiп, күркiреп сөйлеп кеттi,

Дүрсiлдеген кеудемнiң сезiп үнiн:

 

«Қырыққа кеп еш жыны басылмаған,

Жүр, кетемiз, сорлы ішкіш, ақын балам! –

Деп әлгi елес төнiп кеп тартқылайды. –

Оятпа, жүр, ұйықтасын қатын-балаң».

 

Жан қысылды, халiм жоқ, қауқарым жоқ,

«Тіл байланып басымды шайқадым тек,

Жата қалып жабыстым етегiне, –

Енді ішпеймін шын айтам»,  айтамын, – деп.

 

Екi көзi от шашып үкiдейiн,

Дедi былай, бар түгi тiкiрейiп:

 – Өзiн өзi қорлаған сен байғұсты

Деп келiп ем дәл бүгiн бiтiрейiн.

 

Көрдiм ендi,

Барыңды бiр ақтардым,

Iш, бейшара, сол болса бұлақ-балың!» –

дедi дағы әлгi елес кете бердi,

Мен ес-түссiз есiкте құлап қалдым.

Мырзан КЕНЖЕБАЙ

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір