• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 16:54:27
Алматы
+35°

09 Қаңтар, 2018 Ғылым-білім

Түн ортасында денем өзіме бағынбай, тілім байланды...

Сол түні ұйықтап жатып өзінің үстіне белгісіз дененің қасына жақындағанын, қысым түсіргенін сезген

Осыдан шамамен бір жыл бұрын Мәскеу қаласының тұрғыны танымал Pokemon Go  ойнын ойнаған. Арада біраз уақыт өтіп əлгі  покемонның өзіне шабуыл  жасап,  зорлағанын жеткізген. Осы оқиға барлық БАҚ-тың құлағын түріп, қызығушылығын тудырды. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі BBC-ге сілтеме беріп хабарлайды.

Оқиға былай болған. Мәскеулік әйел ұйықтар алдында аталмыш ойынды ойнаған. Сол түні ұйықтап жатып  белгісіз дененің қасына жақындағанын, өзіне қысым түсіргенін сезген. Көзін ашса, әлгі ойындағы покемон оны зорламақшы болып жатыр екен. Алайда, әйелдің қол-аяғы байлаулы, мүлдем қозғала алмай жатыр. Қасында жұбайы да түк білмегендей ұйықтап жатқан болуы керек. Нәтижесінде, ұзақ арпалыстан соң, әйелдің тұруға шамасы жеткен, алайда покемон жоқ болып кеткен.

Пәтердің бәрін қарап, ешкім жоқ екенін аңғарған соң да, әйел осыған қарамастан полицияға хабарласқан. Покемонның өзін зорлағанын айтқан. Бұл жаңалықты әлемдік БАҚ өкілдері жаңа піскен ыстық бәліш тәрізді «жұлып алып», мынадай тақырыптармен таратқан: «Покемон әйелді дәл Мәскеудің орталығында зорлап кетті», «Мәскеулік әйел покемонды өзін зорлады деп айыптады» және т.б. Сұмдық емес пе?

Алайда, бұл әйелмен болған жағдайды былай түсіндіруге болады. Әйел ұйықтап жатса да, барлығын сезіп жатқан.

Ғылымда мұны «ұйқы кезіндегі сал» деп атайды. Бұл ұйқының бұзылуынан туындайды. Мұндай уақытта адам қозғала алмай қалады, соған қарамастан жарқын бейнелер мен галлюцинациялар көреді. Яғни, түсте көрген образдар шынайы өмірдегей болып көрінеді.

Көп жағдайда, ұйқы кезіндегі салға тап болған адам өзінің үстіне белгісіз біреу қысым түсіріп жатқандай сезінеді.

Ұйқы кезіндегі сал туралы мысалдарды сонау ерте кездерде, б.з.б 400 жылдардағы жазбалардан да кездестіреміз.

Сонымен бірге әлем елдерінің тілдерінде, әдебиеттерінде осы жағдайды сипаттайтын терминдер бар. Мысалы, неміс тілінде hexendrücken сөзі «мыстан құшағы» деген мағынаны берсе, норвеж фольклорында svartalfar атты адамдарды оғымен сал қылатын кейіпкер бар. Жапон тіліндегі kanashibari сөзі түссіз меттал әсерінен бір жерге жабысып қалу дегенді білдіреді. Күрттерде mottaka сөзі  адамдарды түнде қылқындыратын жынды білдіреді.

    Бүгінгі күні аталған салды тудыратын физиологиялық механизмдер толық зерттелмеген. Біздің түсімізде істеген нәрселердің барлығы тек қиялымызда ғана орындалатын әрекеттер.

Жалпы алғанда, ұйқы кезіндегі сал соншалықты сирек кездесетін құбылыс емес. Сарапшылардың есептеуі бойынша, адамзаттың 50% ұйқы кезіндегі сал жағдайында өмірінде кем дегенде 1 рет болған. Ал кейбіреулер мұндай жағдайда күнде бастан кешетіндерін айтқан.

    Жоғарыдағы мәскеулік әйелдің мысалына келетін болсақ, неге ол дәл покемонды түсінде көрді деген сұрақ туындайды. Оның себебі, видео ойындар адамның түсіне қатты ісер ететіндігінде. Осындай жағдайды бастан кешірген уақытта, ұйқы кезіндегі сал уақытында жоғарыдағы нәрселерді еске түсіріп, неғұрлым сабырлы болуға тырысыңыз.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір