• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 00:48:54
Алматы
+35°

12 Қазан, 2017 Денсаулық

Тұмауды асқындырып алмаңыз!

ЖРВИ, тұмау мен пневмококтық инфекцияның алдын алу мақсатында мына қарапайым ережелерді сақтаған жөн.

2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 2017 жылдың 1 қазанынан бастап 1 қарашаға дейін респираторлық вирустық инфекция, тұмау мен пневмококтық инфекцияның алдын алу бойынша  өңірде айлық өткізіле бастады.

Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының дәрігері Г. Пазылованың айтуынша, жіті респираторлық вирустық инфекциялар  барлық инфекциялық аурулар арасында 90 %-ды  құрайды екен. Көбіне ЖРВИ және тұмауға балалар, қарт адамдар, жоғары тыныс алу жолдары мен бронх-өкпелік жүйесі созылмалы ауыратындар, иммунтапшылығы күйіндегі пациенттер шалдығады.  

-Тұмаумен ауырғаннан кейін бронх демікпесі, созылмалы бронхит, жүрек-қан тамыр ауруы, зат алмасудың бұзылуынан туындаған аурулар секілді созылмалы аурулар асқынады. Аурудың немесе оның асқынуының алдын алудың ең тиімді жолы вакциналау болып табылады. Вакцинация, әсіресе, тұмаудың асқыну қаупі жоғары топтағы адамдарға, сонымен жоғары қауіп-қатер тобындағы адамдармен бірге тұратын немесе оларға күтім жасайтын адамдар үшін маңызды. ЖРВИ, тұмау мен пневмококтық инфекцияның алдын алу мақсатында мына қарапайым ережелерді сақтаған жөн. Яғни, науқас адамдармен қатынаспау, науқас адамдармен байланыс кезінде бетперде кию, инфекцияның таралуының алдын алу үшін қолды сабынмен немесе бактерияға қарсы құралдармен (құрамында спирті бар ерітінділермен) жуу, бір реттік мұрын сүлгілерін қолдана отырып, жөтелу және түшкіру кезінде мұрын мен ауызды жабу, адамдар жаппай жиналатын орындарға бармау, ғимаратты үнемі желдету, көзді, мұрынды, ауызды лас қолмен ұстамау қажет,- дейді облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының аталмыш маманы.

Сондай-ақ ол таза ауада серуендеудің, дәрумендерге бай үйлестірілген тағам ағзаның кез келген инфекцияларға қарсы тұруына көмектесетінін және ауаны тазартуда ультракүлгін сәуле, аэрозольді дезинфекторды немесе каталитикалық ауа тазартқышты қолданудың маңыздылығын айтты.

Гүлім АҚАП,

Батыс Қазақстан облысы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір