• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 21:31:57
Алматы
+35°

19 Мамыр, 2018 Экономика

Трансұлттық компаниялар еліміздің ауыл шаруашылығына қызығушылық танытуда

Итальяндық «Cremonini Group» компаниясы қазіргі заманғы «KAZAKH-BEEF» зауытының құрылысын басталды.

Астана экономикалық форумында қол қойылған жол карталары мен меморандумдарды іске асыру шеңберінде итальяндық «Cremonini Group» компаниясы қазіргі заманғы «KAZAKH-BEEF» зауытының құрылысын бастады.

Ет комбинатының күнделікті қуаттылығы 700 бас малды союға арналып, етті өңдеу, дайын ет өнімдерін өндіру және мүйіз, тұяқ, терісін қайта өңдеудің толық технологиялық циклын жүзеге асыратын болады. Жобаның жалпы құны 15 млрд теңгеге жуық.

Аталған жобаны іске асыру мақсатында Алматы облысы әкімдігімен жалпы көлемі 60 гектарды құрайтын жер телімін берілді.

Осы өңірде зауыт құрылысының салынуы қолайлы климаттық жағдайлардың негізінде, сондай-ақ ірі қара мал етінің өнімділік бағытына байланысты таңдап алынды (барлық етті бағыттағы ІҚМ басының 16% құрайды).

Бордақылау алаңының малды сойғанға дейінгі көлемі бір уақытта 10 мың бас мал болса, ет комбинатының қуаты: жылына 25 мың тонна сиыр еті. Аталған кәсіпорын өнімдерінің 70% ҚХР мен Ресей сияқты ірі елдердің нарығына шығарылады.

Қазіргі уақытта облыстың шаруа қожалықтары мен бордақылау алаңдары ет комбинаттарын қажетті өніммен қамтамасыз етуге дайын.

Қолайлы инвестициялық климатты құру еліміздің аграрлық секторының инвестициялық тартымдылығын арттыруға ықпал етті. 2017 жылы мал шаруашылығы саласына салынған инвестициялардың көлемі 154,1 млрд. теңгені құрады, бұл 2016 жылға қарағанда 6,9% артық.

Қазіргі уақытта «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын орындау және мал шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бойынша «Lactalis», Cedar Meats Australia, «Golden Camel Group», «CITIC» сияқты әлемдік ірі компаниялар тартылуда.

Анықтама: «Cremonini Group» Еуропадағы ең маңызды азық-түлік өндірісімен айналысатын топтардың бірі болып табылады және үш бизнес бағытта жұмыс жасайды: өндіріс, тарату және тамақтандырумен айналысады. Аталған компания ірі қара мал еті мен ет өнімдерін («Иналка ДжиБиЭс» және «Монтана»), сондай-ақ азық-түлік өнімдерін қоғамдық тамақтандыру компанияларына («MAРP») таратуды ұйымдастыру бойынша көшбасшы болып табылады. Топ поездарда, вокзалдарда, аэропорттар мен автомобиль жолдарында орналасқан қоғамдық тамақтану желісінде концессияға ие. Компания «Steakhouse» (Roadhouse Grill) желісі бар қоғамдық тамақтандыру объектілерінің қатарына кіреді.

Өндіріс саласында халықаралық қызмет көрсету Еуропа, Ресей және африкалық елдерде (Ангола, Конго деморкратиялық Республикасы, Конго Республикасы, Алжир, нигерия) жүзеге асырылады. Борттық пойыздарда қоғамдық тамақтандыруды ұйымдастыруда компания Франция, Испания, Ұлыбритания және Бельгиядағы филиалдарымен бірге Еуропадағы абсолютті көшбасшы болып табылады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір