• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 06:28:52
Алматы
+35°

Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ президенті Дональд Трамп Вьетнамдағы самитте кездесті. Бұл туралы Газета.ру жазады. Ресей делегациясы Вьетнамның Дананг қаласына келмей тұрып, АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон екі президент арасындағы келіссөздер болмайтынын айтқан. Сонымен бірге, америкалық жақ бұл келіссөздер жүргізілетіндей талқыланатын мәселелердің де жоқтығын айтты. Осыдан кейін, ресейлік делегация қатты таңырқап қалған көрінеді. Себебі, Трамптың өзі дәл осы кездесуді қалаған, тіпті талқыланатын мәселелер тақырыптарын да ұсынған.

Екі мемлекет басшыларының кездесуі жұма күні түстен кейін болуы керек болатын.

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков «Әзірге ештеңе түсініксіз. Америкалық әріптестерімізден қайшылықты ақпарат келіп жатыр»-деді.

Ал, әлеуметтік желіде барлығы Трамптың мұндай әрекетін дөрекілік деп бағалаған.

Тіпті Трамп Данангте Путиннен әдейі қашқақтап жүргендей болған. Саммит барысында: «АҚШ енді ереже бұзушылық, экономикалық агрессия, ұрлық сияқты нәрселерге көз жұма қарамайды»-деді Трамп.  Содан кейін саммитті аяқсыз қалдырып шығып кеткен. Путинмен кездесуге де, АСЕАН блогына кіретін мемлекеттермен кездесуге де келмей қойған. Бұған әрине, ресейлік дипломаттар қатты налып қалған.

Алайда, кездесудің соңғы мүмкіндігі жұма күні болған: Трамп өз орнында отырған  Путиннің қасына түк болмағандай келіп, қолын алып, арқасын қаққан.  Вьетнамның ұлттық киімдерін киген екеуі қол алысып суретке түскен.

о

Фотосессиядан кейін, мемлекет лидерлері саммиттің салтанатты кешкі асына аттанған. Арада біраз уақыт өткен соң, Трамп салтанатты кешкі астан, Путинмен сол күйі сөйлеспестен кетіп қалған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір