• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 01:17:22
Алматы
+35°

18 Қаңтар, 2018 Әлем

Трамп Ресейді Солтүстік Кореяға көмектесіп жүр деп айыптады

«Ресей АҚШ пен КХДР-дың қарым-қатынасының оңалуына мүлде көмектеспейді»,- деді Трамп.

АҚШ президенті Дональд Трамп сәрсенбіде Ресейді Солтүстік Кореяға көмектесіп жүр деп айыптады. Оның айтуынша, Ресей Солтүстік Кореяның көмегімен халықаралық санкцияларды бұзбақшы.

«Ресей АҚШ пен КХДР-дың қарым-қатынасының оңалуына мүлде көмектеспейді»,- деді Трамп.

Қытай мен Ресей былтыр БҰҰ ҚК-інің КХДР-ға қарсы соңғы санкцияларына байланысты келісімге келген.  Бұл санкциялар аясында Солтүстік Кореяға отын жеткізуге қатаң шектеу қойылған. Желтоқсанда еуропалық елдердің кейбірі Ресейдің санкцияларды айналып өтіп, Пхеньянға кемінде үш мәрте отын жеткізген. Ал Мәскеу мұны жасырын ұстады.

АҚШ президенті сұхбаттары барысында Солтүстік Кореяны басты халықаралық мәселе деп атаған. Сондай-ақ КХДР басшысы Ким Чен Ынмен келіссөздер жасаудың пайдасы тиетініне де күмәнмен қарады.

«Мен онымен келіссөз жасаймын, алайда бұдан бір нәтиже шығады деп ойламаймын», - деді Трамп. Солтүстік Корея тарапынан айтылған қоқан-лоқы мен тіл тигізушілік әрекеттеріне қарамастан Трамп келіссөздерге келіскен. Пхеньянмен арадағы түсініспеушіліктерді «бейбіт жолмен» шешуден үмітті, алайда «нәтижесі теріс болуы мүмкін» деген күмәнін де жасырмады.

Сондай-ақ Дональд Трамп Қытайдың Солтүстік Кореяға мұнай мен көмірді шектеу туралы күш-жігерін жоғары бағалады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір