• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 23:56:07
Алматы
+35°

25 Сәуір, 2018 Оқиғалар

Трамп Франция президентінің иығынан қайызғағын қағып түсірді (фото, видео)

Сондай-ақ журналистер тағы бір ыңғайсыз жағдайды байқап қалды. Фотоссесия барысында Дональд Трамп...

АҚШ президенті Дональд Трамп пен оның жары Меланья сейсенбіде салтанатты түрде Франция президенті Эммануэль Макрон мен оның әйелі Брижитті Вашингтонда күтті. Меланьяның бетінен сүю бірден мүмкін болмады, оның телпегі кедергі болды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Трамп

Кездесу барысында Ақ үй басшысы сонда тұрған адамдарға француз көшбасшысының иығында қайызғақтың тұрғанын айтып, күле отырып сүртіп тастады. 

«Барлығы да біздің қарым-қатынасымыздың жақсы екенін айтады, ол рас. Бұл жалған жаңалық емес. Шынымен де бұл өтірік емес. Сіздің осында келуіңіз, біз үшін үлкен құрмет. Ал қазір мен мына кішкентай қайызғақты сүртіп тастайын... Біз оны мінсіз етуіміз керек. Ол күмәнсіз. Сонымен, сенімен бірге болу үлкен құрмет, сен ерекше доссың. Рақмет», - деді.  Осыдан кейін Трамп дәстүрлі түрде өз әріптесімен қол алысты.

Трамп

Сондай-ақ журналистер тағы бір ыңғайсыз жағдайды байқап қалды. Фотоссесия барысында Дональд Трамп жарының қолынан ұстайын деген, алайда Меланья күйеуімен қол ұстасудан бас тартқан.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір