• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 04:45:19
+35°

15 Мамыр, 2017 IT

Toyota «ұшатын автомобиль» жобасын қаржыландырды

Cartivator жобасы 2012 жылы іске қосылған. Оны алпауыт компанилар қаржыландырды дейтін сыбыстар бүгінге дейін тек интернет бетінде айтылып келсе, енді Toyota...

Cartivator жобасы 2012 жылы іске қосылған. Оны алпауыт компанилар қаржыландырды дейтін сыбыстар бүгінге дейін тек интернет бетінде айтылып келсе, енді Toyota ресми түрде негіздік келісім берген. Nikkei Asian жазғандай жапондық Toyota корпорациясы ұшатын авто жасау үшін ерікті түрде айналысатын инженерлерге 40 млн иен ($350 мың.) бөлген деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі.

Жобаның концепциясы ұсынылатын видероликте бір орынды аппарат Токиодағы 2020 олимпиадасының  басты аренасына қойылған. Стадионға жүріп келіп, әуеге көтеріледі. Ал, оны басқарып келе жатқан адам олимпиада алауын жағады. Яғни, автомобилді жасаушылар олимпиадаға дейін жобаның жүзеге асқанын қалайды.

Қазіргі уақытта аппараттың әуеде тұрақты тұра алуын қамтамасыз ету басты мәселе болып тұр. Сондай-ақ көліктің салмағы ұшқышпен қосылған салмағы да қиындық тудырған.

Skydrive жобасының негізін қалаушылар ұшатын көлік арқылы көлік бөгелісі мәселесі шешіліп, қалалардың безендірілуі де көркейеді деп санайды. Сондай-ақ, ұшатын көлікті енгізуге әрі оны жүргізушілерге куәлік беру үшін арнайы заң мен ұйымдар да қажет болады.

Skydrive 2,9*1,3 метр өлшемді кішкентай ұшу аппараты болады.  Инженерлер аппараттың жер бетінен 10 метр биіктікте 100 км/с жылдамдықпен ұшатын болады деп күтеді. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір