• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 19:18:39
Алматы
+35°

17 Сәуір, 2018 Оқиғалар

Төрт жастағы қызды ұрып соққан қылмыскер ұсталды (фото)

Тергеу бойынша, ер адам көңілдесінің пәтерінде алты және төрт жасар қыздарымен бірге тұрған. Сәуірдің 12-і мен 13-і аралығында ер адам кішкентай...

Бірге тұрып жатқан әйелінің төрт жасар қызын ұрып-соққан Ресейдің Красноярск қаласының 20 жастағы тұрғыны қолға түсті , - деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі KazanFirst сайтының дерегін негізге алып. Оған қатысты «жас балаға қиянат жасау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

зорлық көрген бала

Тергеу бойынша, ер адам көңілдесінің пәтерінде алты және төрт жасар қыздарымен бірге тұрған. Сәуірдің 12-і мен 13-і аралығында ер адам кішкентай қызды көк ала қойдай етіп сабап тастаған. Зардап шеккен қыздың анасы қылмысты жасырғысы келіп, медициналық көмек көрсеткен.Бірақ қыздың жағдайы туралы қонаққа келген отбасылық досы полицияға хабарлаған. 

Қазіргі уақытта қыз бала ауруханада жатыр. Ал оның алты жасар әпкесі балалар үйіне жіберілді. Қылмыскер түрмеге қамалды. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір