• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 14:14:47
Алматы
+35°

20 Қараша, 2017 NEWS

Төрт банктің клиенттері күніне 500 000 теңгеге дейін ақша ала алады

Төрт банктің клиенттері келісімге қатысушы өзге банктің банкоматынан 200 мың теңгеге дейін және бір тәулікте 500 мың теңгеге дейін ала алады

Бүгін «Kaspi Bank» АҚ, «ForteBank» АҚ, «Еуразиялық банк» АҚ, және  «Сбербанк» АҚ ЕБ  жергілікті банкомат желілерінде клиенттердің серіктестік шарттарында ақша алуы туралы келісім жасады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Төрт банктің клиенттері келісімге қатысушы өзге банктің банкоматынан бір транзакция кезінде 200 мың теңгеге дейін және бір тәулікте 500 мың теңгеге дейін ала алады.

Келісім клиенттер үшін Қазақстан бойынша 2 500-ден астам банкоматта қолма-қол ақша алуды оңайлатады.

Келісімге қатысушы әр банктің өз клиенттері үшін ақша алудың жеке талаптары сақталады.

Төрт банктің төлем карталарын 3,5 милионнан астам қазақстандықтар қолданады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір