17 Ақпан, 2018
«Томирис» тарихи фильмінде басты рөлді сомдайтын актриса белгілі болды
Бұл туралы түсіріліп жатқан туындының режиссері Ақан Сатаев өзінің Инстаграмдағы парақшасында жазды
Қазақстанда түсіріліп жатқан «Томирис» тарихи фильмінде бас кейіпкерді сомдайтын актрисаның есімі анықталды. Бұл туралы түсіріліп жатқан туындының режиссері Ақан Сатаев өзінің Инстаграмдағы парақшасында жазды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
«Достар, сіздердің назарларыңызға біздің «Томирис» тарихи фильмінің бас кейіпкерін зор қуанышпен таныстыра кеткіміз келеді. Әлмира Тұрсын. 1990 жылғы. Психолог Коуч», - деп жазады режиссер.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір