06 Желтоқсан, 2017 Аймақтар
«Tilmedia.kz» сайтының тұжырымдамасы
«Tilmedia.kz» сайтының іске қосылуы интернет кеңістігіндегі тілдік контенттің көбеюіне, оны қолданушылар санының артуына мүмкіндік жасайды.
Өзектілігі. Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 29 маусымдағы № 110 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында мемлекеттік тілді үйрету үдерісіне жаңа ақпараттық технологияларды енгізу мақсат етіп қойылған болатын. Қоғамның бүгінгі талабына сай ақпарат кеңістігі қарқын дамыған кезеңде, интернет кеңістіктің белең алған шағында тіл үйретуді интернет-ресурс арқылы меңгерту ең тиімді әдістің бірі. Әсіресе, уақытты ұтымды пайдалану арқылы үйінде отырып тіл үйрену, үш тілді меңгеру бүгінде әрбір адамға қол жетімді. Осы орайда мемлекеттік бағдарламадағы мақсат, міндеттерді басшылыққа ала отырып, республикадағы үш тілді (мемлекеттік, орыс және ағылшын) меңгерген тұрғындардың үлесін (2014 жылға қарай - 10%,
2017 жылға қарай 17%, 2020 жылға қарай - 20%) ұлғайту міндеті орындалады.
Осы орайды ескере отырып, негізгі тірек тіл – мемлекеттік тілді үйретуге, меңгертуге, аудиториясын кеңейтуге бағытталған сайт қосымша орыс және ағылшын тілдерінде де тіл үйретудің жолын қарастырған. Бүгінгі сайттардың басым көпшілігі бір тілде немесе бір бағытта ғана қызмет атқаратын болса, аталған сайт қоғамға пайдалы, тиімді әдіс-тәсіл, тіл үйренудің тиімді, ұтымды әдістерін оңай әрі тез үйретуге және үш тілде түсінікті жеткізуге жетелейді. Әлем бойынша қарқынды дамып, үздіксіз, үзіліссіз жұмыс жасайтын, интернет кеңістікте айрықша орны және максималды аудиториясы бар «Ютуб» каналы видео тарату бойынша алдыңғы қатарда. Және де осы каналдың тәжірибесінен-ақ видео арқылы ықпал ету, кез келген нәрсені үйрету, меңгерту өте тиімді екенін аңғаруға болады. Сайт негізгі тірек ретінде видеоблок арқылы тіл үйретудің тиімді жолдарын таратуды бағыт етіп алды. Бүгінде тіл үйретуді видеоблок арқылы жүргізетін үш тілді сайт жоқ екенін айта кеткеніміз жөн.
Гипотеза. «Tilmedia.kz» сайтының іске қосылуы интернет кеңістігіндегі тілдік контенттің көбеюіне, оны қолданушылар санының артуына, мемлекеттік тілді қашықтан үйренушілер қатарының өсуіне кеңінен мүмкіндік жасайды. Адамның визуалды қабылдауы есте жылдам әрі ұзаққа сақталатыны белгілі. Қабылдаудың осы қасиетін жандандыру, жаңғырту және тіл үйренуге жаңаша жолмен оң ықпал жасалынып, нәтижелі жетістікке жетуге мүмкіндік жасайды.
Мақсаты – мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, мемлекеттік тілді үйретудің тиімді әдістерін тарату, мемлекеттік тілді меңгеруді қамтамасыз етудің тиімді тәсілдеріне қол жеткізу.
Міндеттері:
- Күнделікті тілге қатысты шығатын ақпараттарды үш тілде жүйелі түрде жариялау;
- Әдіскерлердің тиімді әдістерін жаңартып, қажетті жарияланымдарды таратып отыру;
- Республикалық БАҚ өкілдерінің ақпараттық портал, сайттарымен байланыс орнату;
- Мемлекеттік тілді көпшіліктің кеңінен қолдануына қол жеткізу.
Мазмұны мен құрылымы. «Tilmedia.kz» сайты мемлекеттік тілді оңай әрі жылдам үйретуді көздейді. Тіл үйретуде қолданылатын негізгі әдістер адамның психикалық процестерімен тікелей байланысты. Яғни, қабылдау үдерісі тыңдау, көру, оқу, қарау сынды қасиеттермен жүзеге асып, атаулары да құлаққа тартымды, көруге ыңғайлы түрде жасалынған.
Сайттың құрылымы негізгі деген 6 блокты қамтиды.
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
Ақпарат |
Тыңда |
Оқы |
Қара |
Сұрақ-жауап |
Ойна |
Информация |
Слушай |
Читай |
Смотри |
Вопрос-ответ |
Играй |
Information |
Listen |
Read |
Watch |
Support |
Play |
«Ақпарат» блогында жаңалықтар, тілдің өзекті мәселелері туралы қажетті мәліметтер, Министрлік, Комитет, Орталық тарапынан жүргізіліп жатқан жұмыстар жөнінде хабарлар үш тілде беріледі. Бұл блок үнемі жаңарып, толығып тұрады.
«Тыңда» блогында тілді үйретуге арналған аудиожинақтар, аудиокітаптар, қызықты аудиомәліметтер, аудиоертегілер, танымдық, әдістемелік аудиолар орналастырылады. Кез келген жағдайда смартфон, планшет арқылы тіл үйренуге оңтайлы ықпал етіп, есту арқылы есте сақтауға және жылдам қабылдауға, меңгеруге мүмкіндік жасайды.
«Оқы» блогында мемлекеттік тілді үйретуге арналған тиімді әдістер, ғалымдардың тіл төңірегінде зерттеген мақалалары, үздік әдіскерлердің озық ойлы, инновациялық технологиямен дайындалған жұмыстары мен үздік сабақ жоспарлары, сапалы мәліметтері, тиімді әдістемесі беріліп қана қоймай, сапалы контенттің интернет кеңістігіне таралып, көпшілікке қажетті көмек алуына жағдай жасайды.
«Қара» блогында видеосюжет арқылы тілді үйретудің түрлі әдістері инфографика форматында немесе ІТ саласындағы инновациялық технологияның көмегімен, әлемдік тәжірибеде үздік деп танылған бейнелердің желісімен түсіріліп, таратылады. Алғашқы қызықты әрі тиімді деген 5 видео қолданушыға бірден онлайн режимінде көруге мүмкіндік беріп, көрерменнің сұранысын қанағаттандыратыны сөзсіз. Сол себепті де көрермен келесі видеоблоктарды тағатсыздана күтіп, тұрақты қолданушыға айналады. Ол үшін оқырман немесе көрерменді үнемі сайттың қолданып, тұрақты қолданушы екенін бақылауға бағытталған тіркеу жүйесі де жылдам жұмыс жасайды.
«Сұрақ-жауап» блогында қолданушы сайтты барлау барысында көрінген кемшілік немесе қажетті ақпарат, тіл үйренуге бағытталған сұрағы болса, жолдау арқылы өзінің сұрағына жауап алып, жіберген ұсыныстарын қанағаттандыра алады. Және де қосымша тың идеясы болса, видео немесе аудиомен бөліскісі келсе, тіркелу жүйесі арқылы сайтқа кіруге мүмкіндік алып, қызықты әрі қажетті, тиімді ақпаратымен бөлісе алады.
«Ойна» блогы арқылы тілді түрлі мобильді қосымшалардың көмегімен үйренуге болады. Play market сайтында тіркелген танымдық ойындардың сілтемесі орналасады. Қазақ тілінде жасалынған танымдық ойындардың қолданушысының санын арттырып, сапалы ойындардың көбеюіне септігін тигізеді.
Қосымша блоктар: әлеуметтік желілерге тіркелу, ютуб каналын ашу, сайттың атауына сәйкестендіріп электронды пошта ашу, бізге хат жазу, байланыс орнату сияқты қолданушыға қажетті қосымша блоктарды орналастыру.
Күтілетін нәтиже. Ғаламтор желісінде алғаш рет қолданысқа енгелі отырған «Tilmedia.kz» сайты мемлекеттік тілді насихаттап, оның әдістемесін, қолданылу аясын, тілдік ахуалды көтеріп, «Үштұғырлы тіл» саясатының жүзеге асуына жан-жақты ықпал жасайды. Оқыту және әдістемеге қатысты электронды қор әдістемелік құралдарды жинақтап, портал қолданушысына қажетті материалды мобильді қосымша ретінде жүктеп алып, тіл үйренуіне көмектеседі. Бейнесабақтар үш тілде (субтитр) жүргізіледі. Аталған сайт мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтіп, онлайн режимінде сабақтарды өту арқылы тіл үйренушілердің санын арттырады.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір