• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 11:38:40
Алматы
+35°

10 Сәуір, 2017 Әлеумет

Террористік топ құрды деп айыпталған теміртаулық 6 азаматқа іздеу салынды

Бұл алтауының есімі террористік ағымға қатысы бар деген қылмыс бойынша ішкі істер органының тізімінде тұр, деп хабарлайды "Қамшы" ақпараттық&nbsp...

Бұл алтауының есімі террористік ағымға қатысы бар деген қылмыс бойынша ішкі істер органының тізімінде тұр, деп хабарлайды "Қамшы" ақпараттық агенттігі.

Теміртау қаласы Ішкі Істер Басқармасының хабарлауынша, Теміртаулық алты азаматқа террористік топ құрып, жиналған адамдарды соғысқа аттандырды деген айыппен іздеу салынды.

Олардың қайда екенінен хабары бар адамдарға полицей қызметкерлерінің арнайы сыйлығы бар. Іздеу салынған азаматтардың жасы – 23-тен  35-ке дейінгі аралықта.

Жалпы, террористік топ құрды деген күдікпен айыпталғандар – 1993 жылғы Дәулетхан Әміржанов және 1994 жылға Дмитрий Коструб.

«Террористік шараларды ұйымдастыруға адам жинады» деген айып тағылып, Қылмыстық Кодекстің 259-бабы бойынша қылмыс жасалды деп танылған азаматтар – 1993 жылғы Ұлағат Абауов, 1989 жылғы, Магомед Арчаков, 1984 жылғы Дидар Рахметов және 1992 жылғы Диас Рахметов.

Іздеу салынған азаматтарға қатысты ақпаратты мына нөмерге жолдай аласыздар: 8 (7213) 95 42 00, 95 10 02  немесе 102. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір