• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 11:41:23
Алматы
+35°

12 Қаңтар, 2018 NEWS

Теракт ұйымдастырмақшы болған қос мұсылман ғашықтың оқиғасы

Екі террорист бір-бірін әлеуметтік желі арқылы тауып, танысқан

Британдық танысу сайттарында бір-бірін тауып, танысқан екі мұсылманды террористік шабуыл ұйымдастырмақшы болды деп айыптады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі BBC-ге сілтеме беріп.

Екі террорист бір-бірін әлеуметтік желі арқылы тауып, танысқан. Мунир Мұхаммед біраз әйелдің жүрегін жаулаған көрінеді. Мәліметтерге сәйкес, ол бірден төрт әйел алуды қалаған, алайда үшеуімен қарым-қатынаста болған. Бірінші әйелін Грацияда жүргенде тастап кеткен, екінші Суданда тұратын әйелін өмірінде көрмеген, кездесіп үлгермеген, үшінші британдық Ровейдо аль-Хассанмен де қарым-қатынастары жақсылықпен аяқталмаған.

Британдық Ровейдо аль-Хассанмен өзінің сүйіктісімен бірге сот залынан бір-ақ шыққан. Мунир Мұхаммед химиялық заттар көмегімен жарылыс заттарын жасаған. Дайын тағам дайындаумен айналысатын супермаркетте жұмыс істеп жүріп удың жасалу жолдарын зерттеген.  Оның сүйіктісі Ровейда аль Хассан фармацевтикалық білімі болғандықтан  оған көмектесіп отырған.

 Ровейда екеуі Британиядағы мұсылмандарға арналған сайтта танысқан. Осы уақыт аралығында ол ДАИШ террористік ұйымының ықпалына түскен.

       Суданның ауқатты отбасынан шыққан Ровейда Лондонға бала кезден көшіп келген. Тұрмысқа шығып күйеуімен фармацевттік кәсіппен айналысқан. Алайда күйеуінің көзіне шөп салып жүргенін білген кезде, екі балаларына қарамай ажырасуға бел байлайды. Осыдан барып, өзіне лайықты өмірлік серік іздей бастайды.

«Мен өзіме қарапайым, әділ, түзу адам іздеймін. Ең бастысы  - Алладан қорқатын адам болса.. »,-деп жазған ол өзінің сайттағы профилінде. Мунир Мұхаммед оған дәл осындай адам секілді көрінген. Олар 3 айға жуық бір-бірімен чат арқылы, телефон арқылы сөйлесіп жүрген.

     «Біздің арамызда ерекше эмоцияналдық байланыс пайда болды. Сезім пайда болды. Оның маған деген көңілі мен ілтипаты ұнайтын»-дейді қыз сотта берген жауабында.

Ал Мунир Мұхаммед болса, өзінің сүйіктісін өмірлік серігі ретінде қабылдауға дайын емес еді. Ол өзінің Суданда тұратын, бірақ бір-рет те көрмеген әйелімен де чат арқылы, телефон арқылы сөйлесіп жүрген.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір