• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 22:48:57
Алматы
+35°

10 Мамыр, 2018 Әлеумет

Теңге мен мемлекеттік рәміздердің авторы Тимур Сүлейменов қайтыс болды

Марқұммен қоштасы 11 мамыр күні сағат 10-да Алматыдағы білхан Қастеев атындағы Өнер мұражайында өтеді.

Дизайнер әрі сәулетші, Қазақстан валютасы – теңге мен мемлекеттік рәміздердің авторы Тимур Сүлейменов 76 жасында қайтыс болды. Ол 10 мамыр күні таңертең ұзаққа созылған сырқаттан көз жұмды.

Тимур Сүлейменов 1943 жылы 14 ақпанда туған. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын (қазір Қаныш Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ) "сәулетші" мамандығы бойынша бітірген. Совет одағы жылдары жобалау институттарында ("Казгорстройпроект", "Алмаатагипрогор") сәулетші, Алматының бұрынғы Калинин ауданында (қазіргі Бостандық ауданы) бас сәулетші, Қазақстан суретшілер қорының бас суретшісі болған. 1987 жылы Қазақстан дизайнерлер одағын құрып, содан бері оның президенті болған.

Қазақстан тәуелсіздік алған жылдары Тимур Сүлейменов алғашқы теңгенің, мемлекеттік рәміздердің, Республикалық ұлан әскери формасының дизайнын жасауға қатысты. Кейін Алматының қала құрылысы кеңесінің құрамында болды, Абай мен Достық даңғылдарын, Төле би көшесін қайта құру және абаттандыру жобаларын жасады. Қаладағы Желтоқсан мен Сәтбаев көшелерінің қиылысындағы Алматыдағы 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына қатысқандарға арналған "Бостандық таңы" ескерткіші Тимур Сүлейменовтің жобасы бойынша жасалған.

Тимур Сүлейменовтің туыстарының хабарлауынша, марқұммен қоштасы 11 мамыр күні сағат 10-да Алматыдағы білхан Қастеев атындағы Өнер мұражайында өтеді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір