• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 18:44:36
Алматы
+35°

10 Маусым, 2018 Саясат

Теміржол және несие – Жээнбеков ШЫҰ саммитінде бірнеше мәселе қозғады

Жээнбековтың айтуынша, ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің берік ынтымақтастығы сауда-экономикалық серіктестіктің нығаюына септігін тигізеді.

Қырғыз Республикасының президенті Сооранбай Жээнбеков ШЫҰ-ға мүше мемлекет басшыларының кеңейтілген отырысында терроризм мен экстремизмді насихаттау мәселесіне алаңдайтынын мәлімдеді.

Жээнбековтың айтуынша, ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің берік ынтымақтастығы сауда-экономикалық серіктестіктің нығаюына септігін тигізеді. Сол себепті сауда мен инвестиция үшін тиімді жағдай жасау керек. Сонымен қатар ауылшаруашылық саласына де елеулі назар аудару керек екенін ескерді.

«Экономикалық жобалардың тиімді жүзеге асуы үшін қырғыз тарапы ШЫҰ даму банкі мен даму қорын құруға ниетті. Қырғызстан аумағындағы ШЫҰ Банкін құру мәселесін қозғап, келісімге келуді ұсынамыз», - деді Жээнбеков.

Қырғыз Республикасы үшін халықаралық автомобильді тасымал үшін тиімді жағдай жасау мәселесі де басты орында. Сол себепті «Транспортқа қолжетімділік пен транспорт байланысын жандандыру үшін автомобильді жолдарды дамыту бағдарламасын» қабылдауды жеделтетуді алға тартып отыр.

«Мемлекетіміз Қытай – Қырғызстан – Өзбекстан теміржолы құрылысының жобасын жүзеге асыруды көздейді. Бұл жобаның ШЫҰ мемлекеттерінің транзитті және экспорттық әлеуетін дамытуда үлесі зор», - деді қырғыз басшысы.

Айта кетейік, Қытайдың Циндао қаласында Шанхай Ынтымақтастық ұйымының ресми жиналысы басталды.

Циндао саммиті сегіздік форматта алғаш рет өтіп жатыр. Отырысқа Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Ресей Президенті Владимир Путин, Қырғыз Президенті Сооронбай Жээнбеков, Пәкістан Президенті Мамнун Хусейн, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеев, Үндістан Премьер-Министрі Нарендра Моди, ШЫҰ-ғы байқаушы мәртебесі бар Ауғанстан Президенті Ашраф Ғани, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Иран Президенті Хасан Роухани және Моңғолия президенті Халтмаагийн Баттула және бірқатар халықаралық ұйымның басшылары қатысты.

Жиын қорытындысына сәйкес, Шанхай Ынтымақтастық ұйымының келесі төрағасы Қырғызстан болды. Ши жин пиң Қырғыз Республикасының ұйымға төрағалығына қолдау көрсететінін мәлімдеді.

Кеңейтілген құрамдағы отырыстан кейін саммиттің басты құжаты Циндао декларациясы қабылданып, 20-дан астам құжатқа қол қойылмақ. Оның 17-сін Мемлекет басшылары рәсімдейді.  

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір