• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 13:41:09
Алматы
+35°

06 Қыркүйек, 2017 NEWS

Теміртаудағы банкті тонаған қылмыскер 10 жылға сотталуы мүмкін (видео)

Теміртауда шағын несие беретін мекемеге қарақшылық шабуыл жасаған күдікті бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Теміртауда шағын несие беретін мекемеге қарақшылық шабуыл жасаған күдікті бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, - деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасай отырып.  Қылмыстық іс жалғасып жатыр. Күдікті қамауға алынды.

Теміртау қалалық соты 30 жастағы күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасын қолдануға үкім шығарды.  "Қылмыстық қудалау органымен Теміртау қаласының 30 жастағы тұрғыны ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабы 2 бөлігі ("Қарақшылық") бойынша күдікті деп танылды. Сот күдіктіге қатысты екі айға қамауға алу туралы үкім шығарды", - деді сот өкілдері. 

Еске салайық, 27 тамызда Теміртаудағы танымал шағын несие беретін мекемеге қарақшылық шабуыл жасалған болатын. Ер адамның әрекеті видеоға түсіп қалған. Кассашы қызбен сәл тілдескеннен кейін ол терезені шағып, кассаға кіріп кетеді. Сосын ер адам 174 000 теңгені алып, шығуға асығады. Қыз оны тоқтатпақшы болады. Алайда ер адам жеңінен үлкен пышақ алып шығып, қорқыта бастайды. Жедел тергеу шаралары барысында күдікті ұсталған. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір