• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 03:10:07
Алматы
+35°

27 Наурыз, 2018 NEWS

Теміртауда 7 жастағы баланы атқан тұрғынға шартты жаза тағайындалды

Теміртау қалалық соты адамның денсаулығына қасақана ауыр зиян келтірген Дмитрий Зиминді кінәлі деп тапты.

Теміртау қалалық соты адамның денсаулығына қасақана ауыр зиян келтірген Дмитрий Зиминді кінәлі деп тапты, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасай отырып.

«Дмитрий Зимин Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 106-бабы 2-бөлігі 7 және 11 тармақшасы бойынша кінәлі деп табылып, оған 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 63-бабына сәйкес, Зиминге берілген жаза тағайындалған барлық мерзімде пробациялық бақылау орнатумен шартты деп белгіленсін», - делінген үкімде.

Соттың анықтауынша, 2017 жылдың 24 тамызында Зимин өзінің танысымен бірге мас күйде болған. Өз үйіндегі балконнан ол құмда ойнап отырған екі баланы көріп қалады. Сот материалдарына сәйкес, дәл осы кезде оның қылмыстық пиғылы туындаған.

«Қылмыстық пиғылын іске асыру мақсатында Зимин «МР 512» маркалы пневматикалық винтовкасын алып шығып, оны қорғасын оқпен оқтаған. Осыдан кейін ол балконының табалдырығынан аттап, денсаулыққа ауыр зиян келтіру пиғылымен қорғасын оқпен балаларды атқан. Алайда оқ құмға тиген», - делінген сот материалдарында.

Бұдан соң Зимин винтовкасын қайтадан қорғасын оқпен оқтап, балаларға қарата атқан. Осының салдарынан оқ баланың бірінің кеудесінің оң жақ тұсына тиген. Кеудеге тиген оқ гемо-пневмоторакспен бірге өкпеге зақым келтірген. Жарақат алған бала ауруханаға жеткізілген. Ал Зимин оқиға орнынан қашып кеткен еді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір