• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 06:04:22
Алматы
+35°

20 Қазан, 2017 Аймақтар

«Текті сөздің төресі - терме» қалалық байқауы өтті

«Текті сөздің төресі - терме» байқауының басты мақсаты - ұлттық құндылықтарды дәріптеу арқылы жастарды қазақтың өнерімен сусындату

Бүгін,  20 қазанда Алматы қаласының Тілдерді дамыту басқармасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Текті сөздің төресі - терме» қалалық байқауын өткізді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

«Текті сөздің төресі - терме» байқауының басты мақсаты - ұлттық құндылықтарды дәріптеу арқылы жастарды қазақтың өнерімен сусындату, «жыр-терме» ұлттық жанрын жастардың арасында кеңінен  насихаттау. 

 Байқауға қатысқан жастар Ақтан Керейұлының  «Ойламаңдар жігіттер», «Қалағандарың сөз болса», «Жайық деген жанды су», Нүрпейіс Байғалиннің «Еңбек туралы толғауы», «Шал ақынның өсиеті», Майлықожаның «Адамның бір қызығы бала деген» сынды термелерін орындады.

 Сонымен бірге, өз шығармашылығынан терме орындаған қатысушы үміткерлер де болды. Әр ауданнан келген қатысушы үміткерлердің көбі студент пен жұмыс істейтін жастар.

Осы байқауда «Мен қазақпын» термесін орындаған Бәзілжанов Біржан есімді үміткер өзінің бұл байқауға ерекше ықыласпен дайындалғанын жеткізді:

«Наурызбай ауданының атынан келіп отырмын. Өзім Жамбыл атындағы филармониясында жұмыс істеймін. Кентал Назарбековтің сөзі мен әніне жазылған «Мен қазақпын» термесін орындадым. Байқауға қатысудағы мақсатым болашақ жастарға қазақтың кең байтақ жері мен елі бар екенін әрқашан жадында тұтса деген ой» - дейді арнайы жүлде иегері.

   Жүлделі орын алған қатысушылар тиісті дәрежедегі дипломдар мен бағалы сыйлықтар, қатысушыларға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтармен марапатталды. Халықтың өнерді насихаттауға бағытталған бұл байқаудың жеңімпаздары келесі  республикалық кезеңге жіберіледі.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір