• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 05:50:08
Алматы
+35°

16 Наурыз, 2018 NEWS

«Театр әлемі» атты көрме ашылды

Көрменің лентасы қиылмас бұрын театр хоры «Айттым сәлем қаламқас» деп әуелетіп ән шырқаса, театр артистері «Қыз Жібек» спектаклінен ариялар орындады.

Бүгін, 15 наурызда Алматы Метрополитені «М.Әуезов драма театры» бекетінде М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театры «Театр әлемі» атты көрменің лентасын қиды. Салтанатты түрде ашылған көрме Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және театр музейінің 50 жылдығына орай ұйымдастырылды.

Бұл көрме – өскелең ұрпаққа, театр өнеріне, тарихына қызығатын ізденушілерге, жалпы өнерсүйгіш қауымға қазақ өнерінің қарашаңырағы, 92 жылдық тарихы бар М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрының құрылған кезеңінен бастап бүгінгі күнге дейінгі өнер шежіресінен сыр шертіп, театр музейінің тыныс-тіршілігінен, мол мұра, құнды жәдігерлері туралы  мағлұмат береді.

Театр артистерінің әр жылдары әрқандай қойылымдарда киген сахналық костюмдері, фотосуреттер мен портреттер, афишалар мен бағдарламалар, өнер майталмандарының жеке заттары және т.б. құнды жәдігерлер көрмеден орын алды.

Көрменің лентасы қиылмас бұрын театр хоры «Айттым сәлем қаламқас» деп әуелетіп ән шырқаса, театр артистері репертуардағы «Қыз Жібек» спектаклінен ариялар орындады. Ал, Н.Назарбаевтың сөзіне жазылған Б.Тілеуханның «Жерім менің» әні жиылған қауымды бір серпілтіп тастады.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»  аясындағы Ұлы Дала аспанына алаш арманын алып шығатын айтулы шаралардың бірі, ұлт мұраты үшін бітімгершілік пен бірлікті мақсат тұтқан,  92 жылдық тарихы бар театрымыздың қазыналы жәдігерлері мен мұраларын 50 жыл бойы ел игілігіне жаратып келе жатқан театр музейінің асыл дүниелері мен театр руханиятын біріктірген «Алматы Метрополитен» мекемесімен бірлесіп жасаған іс- шарамыз мәдениетке қосылған тағы бір үлес деп білеміз.

Бұл – мәдениетіміз бен идеологиямызды дамыту жолында жасалған нақты әрекет әрі өскелең ұрпақты театр сынды рухани азық берер орындарға шақырудың бір жолы және «Рухани жаңғыру» мен ұлттық код сынды ұғымдардың халыққа кеңінен насихатталуына әсер етер фактор болады деген сенімдеміз.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір