• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 13:50:38
Алматы
+35°

20 Қараша, 2017 Оқиғалар

Тәжікстанда жезөкшеге баратындарға қатаң жаза қолданылады

Елдің ішкі істер министрлігі өткен жылы шамамен 2 мың әйел жеңіл жүріске түскені анықталған.

Тәжікстанның бас прокуратурасы жезөкшелер қызметін пайдаланатын ер азаматтарды жазалау туралы бастама көтерді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі centralasian.org-қа сілтеме жасай отырып.

Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске өзгертулер келесі жылдың басында парламентке түседі. Қазір жеңіл жүрістілерге ғана айыппұл салынып жүр.

Елдің бас прокурасына қарасты бір басқарма басшысының орынбасары Фаррух Рауфовтың айтуынша, ақылы жыныстық қатынас қызметін пайдаланатын ер азаматтарға жаза жезөкшелерге қолданылатын жазадан да қатаң болады. "Мұндай азаматтар саны азайса, өз тәнін сататын әйелдер де азаяды. Жоба келесі жылдың басында парламентке жолданады", - деді ол.

Социолог Марьям Давлатованың айтуынша, мұндай бастаманы ол 10 жыл бұрын жарияланған мақаласында көтерген. Онда ол жезөкше қызметін қолданған ер азаматтарды да жазалау керектігін айтқан.

"Сұраныс болмаса, ұсыныс та болмайды. Әйелдерді мұндай әрекетке итермелейтін де еркектер, оны пайдаланатын да солар", - деді Давлатова.

Тәжікстан билігі соңғы жылдары жезөкшелер көбейгеніне алаңдап отыр. Елдің ішкі істер министрлігі өткен жылы шамамен 2 мың әйел жеңіл жүріске түскені анықталған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір