• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Мамыр, 22:00:16
Алматы
+35°

23 Ақпан, 2018 NEWS

Тәжікстанда хиджабқа оранған екі террорист ұсталды

Әйел адамның киімін киген екі ер адам өзге елдегі әскери қақтығысқа қатысы бар деген күдікпен ұсталған.

Тәжікстанның Хатлон облысында хиджаб киген екі ер адам ұсталды. Бұл туралы Ca-news.org-қа сілтеме беріп Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Полиция іздеу жарияланған 1985 жылғы Сафаров Акмал мен 1983 жылғы Нұрғалиев Алишерді ұстаған.

Осыған дейін аталған тұлғаларға қатысты қылмыстық іс қозғалған болатын. Әйел адамның киімін киген екі ер адам өзге елдегі әскери қақтығысқа қатысы бар деген күдікпен ұсталған.

Күдіктілердің бірі өзінің «Сәләфия» ұйымының мүшесі екенін, террористік соғыс әрекеттеріне қатысу үшін Сирияға кетпек болғанын мойындаған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір