• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 05:38:42
Алматы
+35°

14 Наурыз, 2018 NEWS

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Қазақстанға ресми сапармен келеді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыруымен бүгін елімізге Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон ресми сапармен келеді.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыруымен бүгін елімізге Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон ресми сапармен келеді.

Екі жақ жоғары деңгейде келіссөздер жүргізіп, әріптестік көкжиегін кеңейтпек.  Айта кетейік, соңғы жылдары екі елдің қарым-қатынасы қарқын алып келеді. Былтыр өзара  алыс-беріс 800 млн долларға жуықтаған. 2016 жылмен салыстырғанда өсім 32 пайыз. Енді осы қарқыннан таймай, сауда-саттықты еселей түсу маңызды. Осы орайда бүгінгі келіссөздерің қос ел үшін де маңызы зор.

Көшбасшылар өңірлік, халықаралық күн тәртібіндегі мәселелерге де назар аударады деп жоспарланып отыр. Бұған қоса, көлік-логистика саласындағы серіктестікке серпін беру де ойда бар. Алдағы уақытта өзбек-тәжік шекарасында көлік өткізетін 16 қосын ашылады. Бұл жағдай Орталық Азия мемлекеттерінің алыс-берісін арттыруға септігін тигізуі тиіс. Демек, енді Қазақстан мен Тәжікстан сауда-саттығын дамытып, көліктік қарым-қатынасын одан әрі нығайта түспек.


"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір