• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 14:27:09
+35°

16 Ақпан, 2018 Оқиғалар

«Таза қала» үшін күресіп жүрген министр көшеде қабырғаға дәрет сындырған

Министрдің көшелердің бірінде қабырғаға дәрет сындырып жатқаны фотоға түсіп қалған

 Үндістанның Раджастхан штатының денсаулық сақтау министрі елдегі көшелерді тазарту бағдарламасы өтіп жатқанына қарамастан, қабырғаға дәрет сындырған. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі The Guardian-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Министрдің көшелердің бірінде қабырғаға дәрет сындырып жатқаны фотоға түсіп қалған. Каличаран Сараф өзінің бұл қылығына қатысты пікір білдірмеген. «Бұл жай ғана түсініспеушілік»,-деді ол.

Үндістан  үкіметі 2014 жыл «Таза Үндістан» бағдарламасын қабылдаған. Онда 2019 жылға дейін мемлекеттің көшелерінің барлығы тазарып, адамдардың таза су алуға мүмкіндігі болады және әрбір азамттың жеке дәретханасы болатыны туралы жоспарлар жасалған.

Осы уақыт аралығында билік бүкіл ел бойынша 60 миллилон дәретхана салған. Алайда, шамамен 500 миллион адам әлі де көшелерде дәрет сыдырумен айналысады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір