• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 13:42:22
Алматы
+35°

19 Маусым, 2018 NEWS

Таиландта тоғыз жылда алғаш рет өлім жазасы қолданылды

2003 жылға дейін елде өлім жазсы ату арқылы жүзеге асырылды. Оған пулемет қолданылған. Қылмыскердің жүрегі көзделіп, жазаланған.

Таиланда 2009 жылы соңғы рет  қылмыскер өлім жазасына кесілген болатын. Бұл жайында елдегі үшінші ұлттық телеарна хабарлады.

Өткен күні, дүйсенбіде Бангкоктағы Бэнг-Куангтың орталық түрмесінде  қылмыскер инфекция жүргізу арқылы өлім жазасына кесілді. Бұл бөлімде өлім жазасына кесілгендер отырады.

Өлім жазасына кесілген қылмыскер – Таиландта тұратын 27 жастағы азамат. Ол 2012 жылы  17 жастағы студентке 24 рет пышақ салып, айуандықпен өлтіргені үшін сотталған. Қылмыскер оқиға орнынан марқұмның телефоны мен ақшасын алып қашып кеткен. Алайда полиция оны бірнеше сағаттан кейін ұстаған. Бірінші сот инстанциясы қылмыскерді өлім жазасына кесті.

Таиландтың  Әділет министрлігінің жазалаушы және түзету департаментінің мәліметінше, 1932 жылы абсолютті монархияны жойғаннан кейін 1935 жылдан бастап Таиландта қолданыстағы Қылмыстық іс жүргізу кодексі бойынша 326 адам өлім жазасына кесілген.

2003 жылға дейін елде өлім жазсы ату арқылы жүзеге асырылды. Оған пулемет қолданылған. Қылмыскердің жүрегі көзделіп, жазаланып отырған.

2003 жылдың желтоқсанынан бастап өлім жазасы инфекция тарату арқылы жүзеге асады. Соңғы рет 2009 жылы екі есірткі тасымалдаушы өлім жазасына кесілген болатын.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір