• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 23:59:52
Алматы
+35°

27 Қазан, 2017 Әлеумет

Адамды алда не күтіп тұрғаны белгісіз. Пенде ешқашан сенімді түрде «мынадай жағдай менің басымнан ешқашан өтпейді» деп нық сеніммен айта алмайды. Алматылық Алина С.-да (есімі өзгертілген. Мақаладағы кейіпкерлердің барлығының есімдері өзгертілген) соған тағы бір мәрте көз жеткізді. Жұбайымен келісім шарт бойынша Таиландқа жұмыс істеуге кеткен әйел ешқашан түрмеге түсемін деп ойламаған.

“Алина күйеуі екеуі Таиландқа билет алып, жолға жиналғанда оларға қызыға да қызғана қарадым. Алина бір рет телефон шалды да хабарсыз кетті. Екі апта өткеннен кейін оның күйеуі хабарласып, әпкемнің түрмеде екенін айтты. Дүкенде жанжал шығып, тіпті төбелеске дейін жеткен. Қазір әпкемнің жағдайы жақсы. Қазір Алина Еуропада білім алып жатыр. Сол жағдайдан кейін бірнеше жыл өтті. Алина түрмеде отырған жылдары туралы кітап жазып жатыр» деді Алинаның әпкесі Света.

«Сол уақытта-ақ тағдырымның шешіліп қойғанын сездім»

Caravan.kz журналисі Алинамен скайп арқылы сұхбат алды. Qamshy.kz ақпарат агенттігі сұхбаттың қазақша нұсқасын ұсынады. 

– Кітабымды бірнеше тілде басып шығарамын. Қазақстандықтар ғана емес еуропалықтар, америкалықтар да Таиландқа жол түсе қалса қандай қиындықтармен бетпе бет келуі мүмкін екенін білгенін қалаймын. Кездейсоқ таныстықтар мен жергілікті халықтың менталитетін және қарапайым түсініктерді білмеуі қаншалықты қауіпті екенін түсінсе екен деймін. Мен өзім де қалай полиция бөлімшесінен бірақ шыққанымды түсінбедім. Полицейлер бөлімшеге алып келмей тұрып пара ұсыну қажет екен. Мен оны кешірек білдім. Ол уақытта қалтамда олар сұраған $500 болмады.

Әйелдерге арналған түзету орталығы Бангкокта орналасқан. Мен отырған уақытта онда 8 мың адам болған. Олар екіге бөлінеді. Бірінде ауыр қылмыс жасағандар отырады. Олардың көбі кісі өлтіргендер. Екінші бөлігінде отырғандардың 90%-ы есірткі үшін жазасын өтеп жатыр. Онда актриса, даяшы, егде жастағы әйелдер де бар.

Таиланда синтетикалық “яба яха” есірткісін долларға сатып алуға болады. Ол «жаман дәрі» деп аударылады. Оған бірден үйренесің. Түрмеде 80, 90 жастағы апалар да осы есірткі үшін отыр. Оларды есірткі саудасымен айналысатын немерелері өздерінің орнына отырғызады екен. Жастардың «кәрілердің ақтық демі қайда үзілетіні маңызды емес. Үйде ме әлде түрмеде де бәрібір емес пе?» деген ойы менің қатты таңғалдырды.

Менің камерамда отырғандардың барлығы жоғары білімді, шет тілін білетін әйелдер болды.

Сот мен ұсталғаннан кейін екінші күні өтті. Маған барлығы күлімдеп жауап беріп отырды. Аудармашы болды. Полицейлер бірдеңелерді жазып жатты. Сол уақытта-ақ тағдырымның шешіліп қойғанын сездім. Мен жазамды жеңілдету үшін өз кінәмді мойындадым. Дүкендегі жанжал 16.00-ге дейін болғаны жақсы болды. Себебі 4-тен кейін жасалған тәртіп бұзушылық, қылмыстардың жазасы өте ауыр болады.  

Ақшаң болмаса жуындымен тамақтанасың

—Киімдерімді алып алды да орнына дымқыл тартқан киім берді. Камера – жиһазы жоқ кең бөлме. Тек жұқа көрпелер ғана болды. Онда 60 адам ұйықтайды.

Барлығы ағаш еденде жатады. Климаттың жылы болғаны ғана көмектесті.

Дәретхана кафель жабыстырылған қабырғаның артқы жағында орналасқан. Есік жоқ. Душта барлығымыз бірге жуынамыз. Күзетші 10-ға дейін санайды. Сол уақытқа дейін шомылып үлгеруің керек. Одан кейін келесі топ кіреді.

Түнде жарық жанып тұрады. Таңғы 4-те тұрғызады. Бақылаушы барлығын таяқпен ұрып, айқайлап оятады. Сол кездегі таяқтың дауысы түрмеден шыққаннан кейін ұзақ уақыт құлағымда жаңғырып тұрды.

Оянғаннан кейін бірі душқа барса, енді бірі өзіне кофе жасау үшін ыстық суға кезекке тұрады.

Аулада шатыр болмады. Ұшақтың ұшқанын, будда храмындағылардың ән айтқанын естисің, құстар ән салады, айналаның барлығы гүл, бірақ сен қапаста отырсың.

Жазасын өтеушілер қандай жұмыс атқарды?

Әйелдер күні бойы тігін тігумен айналысады, жасанды гүл жасайды, енді бірі десерт дайындайды. Бірақ бұл еңбектері үшін ақша төленбейтін. Кейбірі түрме наубайханасында нан пісірді. Жұмыс өте ауыр, бірақ айына 1 бөлке нан мен 1 мың бат төленетін.

16.00-де қайта камераға кіргізеді. Ол уақытта қалағаныңда жасайсың. Интернет, компьютер, газет болмады. Тек тай және ағылшын тілінде жазылған ескі кітаптар болды. Теледидардан жаңалықтар мен жергілікті теле хикая көрсетілді.

Көбі туыстары мен достарына хат жазатын. Бізге христиан миссионерлер жиі келетін. Жақындарыңмен күнде кездесуге болады, бірақ тек 5 минут қана. Ал жеке кездесулерге арнайы бөлмеге бір сағатқа жіберетін. Мұндай кездесулер 3 айда бір мәрте болып тұратын.

—Қалай тамақтандыратын?

Ақшасы жоқтарға арналған асхана болатын. Күріш пен суға пісірілген шөп беретін. Ол жуындыға ұқсайды. Ал ақшасы барлар дәмді тамақ жейтін.

Мен күніне 10 батқа тамақтанатынмын. Бұл өте аз. Үш айдың ішінде 12 келіге арықтадым.

Жазасын өтеушілерге туыстары сәлемдеме беріп жіберсе, олар басқаларымен бөлісетін. Мен ауырып қалғанда славян қыздары маған ішкиім, сүт және кофе беріп жіберді.

Жыныстық қатынасқа жол жоқ!

Әйелдер арасында қарым-қатынас қалай болатын?

– Мен Одессаның тумасы Ниламен жақсы тіл табысып кеттім. Ол сүйіктісінің кесірінен түрмеде отырды. Ниланы өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын кесті, бірақ ол рахымшылықпен бостандыққа шықты. Мамарум  – камера старостасы. Ешкімге дөрекілік танытпайтын. Бірнеше мәрте вьетнамдықтар төбелесті. Бірақ оларды тез ажыратып алды. Таяқ ұстаған күзетшінің сенде шаруасы жоқ.  

Жазасын өтеушілердің арасында жақын қарым-қатынас болды ма?

Мұнда жыныстық қатынасқа орын жоқ. Сенің әрбір қадамың елдің алдында. Тіпті дәретханаға отырсаң да біреу қарап тұрады. 

«Әйелдердің жазасын өтеу мерзімін көргенде бойымды қорқыныш билейтін...»

—Бір камерада отырған әйелдер туралы айтып беріңізші...

Ағылшын, америкалық, австралиялық, украиндық, ресейлік, өзбек және тай әйелімен бірге отырдым. Кейбірінің оқиғасын естігенде төбе шашым тік тұрды.

Ирина деген еврей отбасында тәрбиеленген ресейдің тумасы отырды. Отбасымен Жаңа Зеландияда тұрады. Күйеуі мен немересімен Бангкок арқылы ұшқан. Дьюти-фриға кірген. Оның көзі нашар көреді. Өзімен үш көзілдірігі болған.

Дүкенде көзілдірік киіп көрген де өзінің көзілдірік салғышына байқамай жаңасын салып қойған. Оны бірден тұтқындады. Сот бір жылға бас бостандығынан айыру шешімін шығарды.  

18 жастағы Тайланд тұрғыны Понг жігітінің кесірінен түрмеге түскен. Ол полициядан қашқан. Оны жетіп алғанда жігіт полицияны итеріп жіберген. Сол уақытта полицей құлап, басы тасқа тиіп сол жерде көз жұмады. Жігіт не істерін білмей сүйіктісі Понгқа келген. Полицейлер екеуінде тұтқындаған. Сотта жігіт жылап қыздың еш кінәсі жоқ екенін айтса да оны сыбайласы ретінде соттады. Ол қазір бостандыққа шықты. Отбасын құрды. Хат жазып тұрады. Қарды көруді армандайды.

Гонконг тумасы Джессика өте сұлу, сұңғақ бойлы, сымбатты қыз. Жоғары білім бар. Қытай қызы бір топ адаммен қымбат заттар сататын дүкеннен тауарларды жалған карточкамен төлеген. Бастапқы кезде оны өлім жазасына кесті, одан кейін сот 25 жылға бас бостандығынан айыру туралы шешім шығарды. Жақында Джессика рахымшылыққа ілінді.

Түрмедегі әйелдердің барлығында қанша жылға бас бостандығынан айырғаны туралы жазылған бейджикпен жүретін. Кейбірінде 50, 100, 200 жыл... Әйелдердің жазасын өтеу мерзімін көргенде бойымды қорқыныш билейтін...

Айына бір мәрте жазасын өтеушілер жаза мерзімін қысқартуды сұрап өтініш жазатын. Бірақ одан ешқандай пайда болмайтын. Кейде 100 жылға қамалғандарға «90 жылға қысқартылды» деген жауап келетін.

– Трансвеститтер болды ма?

Олар еркектерге арналған түрмеде жатады. Көбі ақша табу үшін ғимарат әйнегін шағып, түрмеге бірнеше айға отырып шығатын.

Туристерге кеңес!

—Таиландта болмашы себеппен түрмеге түсуің мүмкін. Мәселен, барлық жерде Будданың басын сатады. Оны елден шығаруға заңмен тыйым салынған екен. Сондықтан әуежайда қиындыққа тап болуыңыз әбден мүмкін.

Түрмеде жүкті ағылшын әйелі отырған. Ол күйеуімен келісім шарт бойынша жұмыс істеуге келген. Олар жалдаған пәтердің дәлізінде есірткі сатылады екен. Есірткі саудасымен айналысқандарды ұстағанда ағылшын отбасын да ұстап алып кеткен.

Аферистердің Таиландта немесе басқа Азия елдеріне ақша табу үшін есірткі тасымалын жасайтындарға таңғаламын. Естеріңді жиыңдар! Сендерді дәл сол уақытта полицияға ұстап береді. Сондықтан абай болыңыздар!

Айта кетейік, 2017 жылы Тайландта екі Қазақстан азаматы қылмыстық іс бойынша түрмеде отыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір