• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 03:43:31
Алматы
+35°

21 Қазан, 2017 NEWS

Тәтті түс көріп, түсіңізді бақылауда ұстағыңыз келеді ме?

Түсті бақылауда ұстау үшін ғалымдар мына сөздерді қайталау керектігін ескертеді:

Түсті бақылауда ұстау үшін ғалымдар мына сөздерді қайталау керектігін ескертеді: «келесі жолы уйықтағанда, мен түс көріп жатқандығымды есімде ұстаймын».

Ұйқыдан ләззат алғыңыз келсе, оны шынайылыққа айналдырудың үш техникасы бар екендігін біле жүріңіз,- деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі The Independent басылымына сүйене  жазады. 

Ғалымдар жасаған жаңа зерттеуге сүйенсек, ұйықтап жатқан адам өзінің түс көріп жатқандығынан хабардар болса, онда болып жатқан оқиғалардың желісін өзі бақылауда ұстай алады.

Сергек ұйықтап, көз алдыңызда болып жатқан түсті бақылап жату үшін, күнделікті қайталанатын әрекетке ғалымдар ұсынған техникаларды қолданған абзал.

Аделаида ЖОО-ң зерттеушілері бір ғана емес үш бірдей техниканы қайталағанда бақылауда ұстауға болатын түстер көруге болатындығын айтты.

Бірінші әдіс: бұл техника өте оңай, күндізгі уақытта айналаңызға қарап ұйқыда жатқандай сезініңіз. Сонда сіз өзіңізді ашық ұстап, түс көріп жатқандай боласыз. Ал шынымен төсекке жатқанда бұл әдіс ұйқыны да бақылауда ұстауға көмектеседі.

Екінші әдіс: бірінші әдіске қарағанда, екіншісінде біраз жоспарлау керек. Денхолм Эспи атты зерртеуші бес сағат ұйықтап, қайта оянып, аздап ояу болғаннан кейін қайта ұйқыға жату керектігін ұсынады. Бұл ұйқының өте белсенді түрі, жұмулы көздер қимылдап, жүрек тез соғып, ұйқыны бақылауда ұстайсыз.

Үшінші әдіс: Жоғарыда аталғандай, бес сағаттан кейін ұйқыдан оянғаннан соң «келесі жолы ұйықтағанда, мен түс көріп жатқандығымды есімде ұстаймын» деп қайталап, бақылауда ұстай алатын ұйқыда екендігіңізді елестетіңіз.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір