• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 03:28:10
Алматы
+35°

26 Шілде, 2017 Фото-баян

Тараздан шыққан этнографиялық керуен Астанаға жетті

Керуен екі ай бойы жолда болып, 1300 шақырымды жүріп өтті,

 «Ұлы Жiбек жолы. Көне Тараздан асқақ Астанаға тарту» этнокеруен Қазақстан астанасына Жамбыл күндерінің өтуіне байланысты келді. Қонақтарды күтіп алу салтанаты елордалық «Ғашықтар» саябағында өтіп, оған Астана әкімі Әсет Исекешев қатысты деп хабарлайды Qamshy.kz  ақпарат агенттігі Астана әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Бес күн бойы Астанада облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Тараз – тарихтың алтын дiңгегi» көрмесі өтеді.

Көрмеде сақ дәуірінен Қазақ хандығы құрылғанға дейінгі 300-ден астам жәдігер назарға ұсынылады. Қала тұрғындары мен қонақтары қазба жұмыстары кезінде табылған тарихи инсталляцияларды, тиындарды, құмыраларды және тараздық қылқалам шеберлерінің суреттерін тамашалай алады.

Елордада Жамбыл облысының күндері аясында мерекелік концерттер, көрмелер, театрландырылған қойылымдар ұйымдастырылады. Оған облыстық филармонияның, облыстық қазақ драма театрының, «Алатау» фольклорлық ансамблінің ұжымдары мен белгілі әншілер мен композиторлар қатысады.

Қалалық «Қазанат» ипподромы алаңындағы этноауылда шеберлер ауылы орналастырылады. Ал «Қазақстан» спорт кешені аумағында өтетін ауылшаруашылық жәрмеңкесінде елорданың тұрғындары мен қонақтары сауда жасай алады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір