• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 01:33:16
Алматы
+35°

21 Қараша, 2017 NEWS

Таразда 10 жастағы баланың өлі денесі табылды

Оқушының өлі денесін балабақша маңындағы топ ағаштың арасынан табылған

Таразда өткен сенбі күні кешке үйінен шығып кеткен 10 жастағы бала сол күйі қайта оралмаған. Туыстары мен мектеп ұжымы оны жатпай-тұрмай іздегенімен нәтиже болмаған, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі  "КТК" арнасына сілтеме жасап.

Оқушының өлі денесін балабақша маңындағы топ ағаштың арасынан тәртіп сақшылары бір күннен кейін тауып алған. Сол күні Таразда қар жауған болатын. Сондықтан баланың мәйіті талдың жапырақтары мен қарға көміліп қалыпты. Ал қаза тапқан 4 сынып оқушысы мұнда өз аяғымен келді ме немесе әлгі күдікке ілініп жатқан 7 сынып оқушысы күштеп әкелді ме, ол жағы әзірге белгісіз.

Никитаның ата-анасы камераға бет-жүздерін көрсеткісі келмей, тек ақпарат берумен шектелді. Айтуларынша, өлген баланың денесінде соққының іздері бар. Әрі зорланған болуы мүмкін. Ол бір үйдің кенжесі. Ал мектеп директоры "Никита қақ-соғы жоқ, тәртібі түзу оқушы",- дейді.   

"Қайғылы жағдай бәрімізді есеңгіретіп тастады. Әсіресе, Никитаның сыныптастарына өте ауыр тиді. Бұлай болады деп кім ойлаған. Қазір қайтыс болған оқушының ата-анасына қолдан келген көмегімізіді беріп жатырмыз. Ал оны өлтіруі мүмкін деп айыпталып жатқан оқушымыз да бұзақылар тізімінде емес", - деді мектеп директоры Ләззат Сманова.

Осы қылмысқа 7 сынып оқушысының күдікті деп танылуы бекер емес. Өйткені сол қайғылы оқиға болған күні оның Никитамен бірге жүргенін көргендер бар. 14 жастағы жеткіншектің жүйке жүйесінде ауытқу бар болып шықты. Сондықтан ол арнайы коррекциялық сыныпта оқыған. Қазір күдікті оқудан босатылып, үйінде жатыр. Ал тәртіп сақшылары 10 жастағы бала "желімнің иісінен бақилық болған" дейді. 

"Тергеу жұмыстары нәтижесінде жәбірленушінің сол күні 14 жастағы жасөспіріммен бірге желім иіскегендігі анықталды. Өлім себептерін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптамасы тағайындалып, тергеу амалдары жалғастырылуда. Қазір күдікті ата-анасының қарауына беру туралы бұлттартпау шарасы қолданылды, - деді Жамбыл облыстық ІІД-нің баспасөз хатшысы Гүлсара Мұхтарқұлова.

Егер бұл жасөспірімнің қылмысы дәлелденсе, 10 жылдан 15 жылға дейін түрмеге жабылуы мүмкін. Ал қайғылы оқиғадан кейін қала мектептерінде тәртіп күшейтілді. Бұдан былай ата-аналар ұл-қыздарын өздері әкеліп, өздері әкетулері тиіс. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір