• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 12:15:18
Алматы
+35°

11 Сәуір, 2017

«Танцор диско...» Сіз сүйген актер қазір қалай өзгерді?

Көпшілік қыздардың арманы болған, Үндістан елінің ең атақты әртістерінің бірі де бірегейі Митхун Чакроборти қазіргі уақытта  67 жасқа толды деп...

Көпшілік қыздардың арманы болған, Үндістан елінің ең атақты әртістерінің бірі де бірегейі Митхун Чакроборти қазіргі уақытта  67 жасқа толды деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі kyrgyztimes.kg басылымына сілтеме жасап. Өзінің жасына қарамастан актер жылына  бір рет болсын кинога түсіп тұрады.

Белгілі актер кедей отбасында дүниеге келген. 15 жасында тәртіп бұзғаны үшін жауапқа тартылған. Көшедегі бала мыңдаған көрермендердің сүйіктісі болуы үшін көптеген қиындықтарды басынан өткерген. Басында қосымша рөлдерге ғана қанағат тұтып, әртістік қабілетін шыңдай бастайды. Сонымен бірге бұны шығармашылық өсу ретінде емес, жай ғана ақша табудың жолы ретінде қарастырыпты.

Бірнеше жылдардан кейін табысқа жете алмай жүрген актер үшін Баббар Субхаштың ұсынысы күтпеген жағдай болды. Дәл сол ұсыныс Митхун Чакрабортиннің атақты жұлдыз болуына себепкер болған. Продюссердің айтуы бойынша Митхунды басты рөлге алуының себебі оның өзгелерден дараланып би билеюі. «Танцор диско» атты кино туынды Митхун Чакработиннің күтпеген жерден атағын шығарды. Содан кейін актер 200-ге жуық киноға түсіпті. Бірақ кез-келген адамның өмірінде алғашқы сәттер ешқашан ұмытылмайтыны тәрізді, Митхун Чакрабортиннің алғашқы рөлі көрермендердің жүрегінде мәңгі қалады.

Актер екі рет үйленген. Митхун Чакроботиннің бірінші әйелі модель Хелена Льок болған. Бірақ екі жылдан кейін белгісіз түсініспеушіліктерден соң ажырасқан. Актердің қазіргі әйелі атақты актриса Йогите Бали. Қазір кезде жұлдызды жұбайлардың 4 баласы бар. Әкесінің ізін жалғаған ұлдары шығармашылық жолын енді бастауда. Ал актер қазір жеке бизнеспен айналысып, киноларға бұрынғыдай көп түспейді. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір