• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 15:24:43
Алматы
+35°

14 Сәуір, 2018

Танымал кәсіпкер Мұхтар Шахановқа қаржылай көмектесетінін айтты (видео)

Мұхтар Шаханов бір сұхбатында өзінің бірнеше ай жалақы ала алмай, пәтер ақысын төлей алмай жүрген айтты.

Танымал қазақстандық кәсіпкер Қайрат Құдайберген Мұхтар Шахановқа көмектесетінін айтты деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы ол өзінің инстаграм парақшасына жариялады. 

Еске сала кетсек, Мұхтар Шаханов белгілі журналист Аман Тасығанға сұхбат берген болатын. Аталған сұхбатта танымал ақын талай шындықты айтты. Сонымен бірге ақын өзінің бірнеше ай жалақы ала алмай, пәтер ақысын төлей алмай жүргенін де жасырмады. 

«Мұхтар Шаханов ағамызбен болған оқиға басыма сыймайды... Бұл кісі жай тұлға емес, ел сүйер нағыз патриот! Мұхтар ағамыздың өлеңдерін оқып тамсанатынбыз. Оның елге, жерге деген сүйіспеншілігі бізге өнеге болды. 
Қанша басқалардың ауызынан шықпаған ащы шындықты айтып саясатта қотыр иттей болған, бірақ ел намысын жерге тастамаған!

Осындай ұлы даланың қалам ұстаған батыры, данасы бұндай ахуалға қалай жеткені мен үшін беймəлім, бірақ Мұхтар ағамыздың өлеңдерін оқып елден шыққан қазағымның қара домалағы болған соң, ол кісіге кішігірім көмек беру мен үшін үлкен құрмет!

Қосылатын адам болса, бір жағадан бас болып, бір жеңнен қол шығарып бірге көмек берейік ағайын!», деп жазады Қайрат Құдайберген.  

 

Мұхтар Шаханов ағамызбен болған оқиға басыма симайды...Бұл кісі жай тұлға емес, ел сүйер нағыз патриот! Мұхтар ағамыздың өлеңдерін оқып тамсанатынбыз. Елге, жерге деген сүйіспеншілігі бізге өнеге болды. Қанша басқалардың ауызынан шықпаған ащы шындықты айтып саясатта қотыр иттей болған, бірақ ел намысын жерге тастамаған! Осындай ұлы даланың қалам ұстаған батыры, данасы бұндай ахуалға қалай жеткені мен үшін беймəлім, бірақ Мұхтар ағамыздың өлеңдерін оқып елден шыққан қазағымның қара домалағы болған соң, ол кісіге кішігірім көмек беру мен үшін үлкен құрмет! Қосылатын адам болса, бір жағадан бас болып, бір жеңнен қол шығарып бірге көмек берейік ағайын! Комментарийге жазыңыздар. Video @ztb_kz, @amantasygan88

Публикация от Кайрат Кудайберген (@kudaibergen_kairat)

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір