• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 22:50:01
Алматы
+35°

16 Қараша, 2017 Әлеумет

«Тәлім Trend»: Балаңды тәрбиелеп әуре болма... (видео)

Балаңды тәрбиелеп әуре болма, ол бәрібір өзіңе ұқсайды.

Осыдан біраз уақыт бұрын «Асыл арна» телеарнасында «Тәлім Trend» атты жаңа бағдарлама өз жұмысын бастады, — деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Аталған бағдарламада отбасылық құндылықтар, қоғамда жиі орын алатын тұрмыстық қателіктер мен өзекті мәселелер туралы талқыланады. Бағдарламаның алғашқы бөлімінде отбасыдағы жанжалдың қалай алдын алу керек екендігі туралы сөз қозғалса, екінші бөлімі қоғамдағы өзекті мәселелердің ең маңыздысы бала тәрбиесіне тікелей байланысты. 

«Балаңды тәрбиелеп әуре болма, ол бәрібір өзіңе ұқсайды. Бұл сөзде үлкен мән-мағына бар. Біз баламыздың бір сәтте ақылды, шыншыл, тілалғыш болғанын қалаймыз. Бірақ бала робот емес. Құлағын бұраса қалаған уақытта, қалаған жағдайға өзгеретін. Ол - адам. Ол - тұлға. Ол - жас шыбық. Оның жайқалып өсіп, айналасына саясын жаятын жанашыр болып қалыптасу немесе көлеңкесі өзге түгіл өзін жарыта алмас шыбықтай солып, қу ағашқа айналуы да бізге, бірінші кезекте, ата-анаға байланысты», — дейді Мұхамеджан Тазабек. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір