• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 23:04:18
+35°

13 Қараша, 2017 Аймақтар

Талдықорғанда Орталық саябақ жаңартылып, іске қосылды

Қонақтар абаттандырылған саябақтың жұмысымен танысты.

Талдықорғанда толық жөнделген орталық саябақ пайдалануға берілді. Бұған дейін саябақтың жартысы жеке кәсіпкердің меншігінде болатын. Кәсіпкер саябақтың өз меншігіндегі бөлігін қайтарымсыз негізде мемлекет меншігіне берді. Жаңарған саябақтың ашылу салтанатына өңір басшысы Амандық Баталов қатысты, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Балалардың ән-биімен басталған саябақтың ашылуын облыс басшысы А. Баталов өз құттықтауымен жалғады:

«Бұған дейін саябақтың бір бөлігі жекеменшіктің қолында болғандықтан, саябаққа толыққанды жөндеу жұмысын жүргізе алмаған едік. Жер учаскесінің иесі, белгілі кәсіпкер, меценат Бағдат Манзоров саябақтың өзіне тиесілі бөлігін көпшіліктің игілігі үшін мемлекетке қайтарып берді. Енді балаларымыз жаңарған саябақта емін-еркін ойнайтын болады. Біз өз тарапымыздан саябақтың жаңғырту жұмыстарына, абаттандыру ісіне қажетті қаражат бөлдік. Саябақтың келбеті түгелдей өзгерді, көрікті де қолайлы демалыс орнына айналды», - деді облыс әкімі А. Баталов.

Қонақтар абаттандырылған саябақтың жұмысымен танысты. Мұрат Мұтырғановтың цирк мектебінің өнерпаздары түрлі қызықты қойылымдарын ұсынды. Облыс әкімімен бірге ақсақалдар, спортшылар мен балалар саябақ ішінде жас көшеттер отырғызды. Жалпы осы күні саябақ Польшадан әкелінген 50 түп қайың көшеттерімен толықты. Балалар демалыс бағындағы 40 орындық жүрдек пойызға отырып, түрлі аттракциондарда ойнады.

Орталық саябақтың жаңғыртылуы 2017 жылдың наурызынан қолға алынды. Нысанның жалпы сметалық құны 345,9 млн теңге. Құрылыс жұмыстарын бас мердігер ретінде  «Достық Астана НС» ЖШС жүргізген. Сыртқы жарықтандырылуы, жаяу жүргінші жолы, гүлзарлар мен газондар жасалып, түрлі ағаштар отырғызылған. Шағын архитектуралық формалар, мүсіндер, орындықтар, балалар әткеншектері, қоршаулар, жәшіктер орнатылды. Сол сияқты негізгі кіре беріс пен автокөліктерге арналған орын жасалды. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір