• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 19:06:39
Алматы
+35°

22 Мамыр, 2018 Аймақтар

Талдықорғанда әскери медбикелер сайысы өтті

Бес мейірбике мен бір медаға арасында өткен тартыс оңай болған жоқ.

Бүкіләлемдік мейірбикелер күніне орай Талдықорған гарнизонының әскери госпиталінде медицина қызметкерлері арасында сайыс өтті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Бес мейірбике мен бір медаға арасында өткен тартыс оңай болған жоқ. Сайыс шарты бойынша әр қатысушы өзін таныстырудан бастап қызметі бойынша теориялық сұрақтарға жауап беріп, оны практикамен ұштастырды.

Әскери медбикелер күні

Гарнизонға қарасты әр әскери бөлімнің мейірбикесі аталған шарада кәсіби шеберліктерін көрсетіп, бақтарын сынады. «Денсаулыққа пайдалы ас» тақырыбында тағам әзірледі, бірі монолог оқыса, енді бірі әуелете ән шырқады.

- Орта буын медицина қызметкерлеріне артылған жауапкершілік зор. Адам өмірін сақтап қалуда алғашқы көмек қолын созатын да солар. Сондықтан медбикелердің кәсіби шеберліктерін шыңдау, олардың арасында бәсекелестікті қалыптастыру мақсатында аталған сайысты жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырып келеміз, - деп атап өтті әскери госпитальдің бастығы медицина подполковнигі Асқар Көлбаев.

Сайыс қорытындысы бойынша бірінші орынды әскери госпитальдің мед ағасы Арман Хасанғалиев иеленсе, екінші орынға мейірбике Акерке Болегенова  лайық деп танылды. Ал 18404 әскери бөлімінің мейірбикесі Меруерт Керимжанова үшінші орыннан көрінді. Барлық қатысушылар алғыс хат және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Әскери медбикелер күні

- Бала кезімнен дәрігер болуды армандап едім. Жаркент қаласындағы медицина колледжін аяқтаған соң әскери госпитальге жұмысқа тұрдым. Осы мекемеде кәсібилігімді арттырып, тәжірибе жинап келемін. Болашақта жоғарғы оқу орнына тапсырып, білікті дәрігер болуды мақсат етіп қойдым, - деді сайыстың жеңімпазы Арман Хасанғалиев.

Талдықорған гарнизонының әскери госпиталі – Қарулы Күштерге қарасты үздік мекемелердің бірі. 45 жылдан астам уақыт бойы әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне сапалы медициналық көмек көрсетіп келеді.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір