• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 19:29:04
Алматы
+35°

20 Маусым, 2018 Ғылым-білім

Талапкерлердің қандай жағдайда аппеляцияға бере алатыны хабарланды

2018 жылы тест сұрақтарының 50 пайызы жаңартылған. Қазір базада 120 мың сұрақ бар.

Қазақстанда Ұлттық бірыңғай тестілеуде тест қорытындысына көңілі  толмаған кез келген талапкер аппеляцияға бере алады.  Талапкердің қандай жағдайда және қанша уақыт аралығында аппеляцияға бере алатыны жайында Ұлттық тестілеу орталығының директоры Рамазан Әлімқұлов баяндап берді.

Техникалық қателер. Егер кітапша дұрыс басылмаған болса, яғни тест мәтіні араласып кеткен жағдайда аппеляцияға беруге болады.  Ондай жағдайда бітіруші түлек бұл қателікті аппеляциялық комиссяиға көрсетуі керек, ал олар кітапшаны республикалық комиссияға жібереді.  Ал комиссия шешімімен талапкерге баллдың қосылу, қосылмауы шешілетін болады.

— Талапкер қолындағы кітапшасын аудиториядағы кезекшіге көрсетіп, қатенің бар екенін хабарлауы керек. Біз дәл сондай нұсқа болса, кітапшаны ауыстырып береміз. Себебі, әр нұсқа әрбір талапкерге арналып жеке-жеке дайындалады, - дейді Әләмқұлов.

Ал егер талапкер сұрақтан қате байқаса, кітапша өзгертілмейді.

— Егер талапкер сұрағының мазмұнында қате бар деген арызға негіз болса, кітапша республикалық комиссияға жіберіледі.  Жергілікті аппеляциялық комиссия бағалаушылардың арасында бұл мәселені алдын ала  қарайды. Республикалық  комиссия олардың шешімдерін қарағаннан кейін талапкерге балл қосу, қоспау туралы шешім шығарады, - деді Ұлттық тестілеу орталығының директоры.

2018 жылы тест сұрақтарының 50 пайызы жаңартылған. Қазір базада 120 мың сұрақ бар. Тест қорытындысын тек хабарлама тақасынан ғана емес бірнеше интернет-ресурстан, Телеграмнан білуге болады.

Айта кетейік, 2016 жылы ҰБТ тапсыру бойынша бірқатар өзгеріс енгізілді. Қазақстан халқының тұрғындары жоғарғы білім алуы үшін тестті екі рет тапсыра алады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір