• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

17 Сәуір, 01:53:35
Алматы
+35°

10 Желтоқсан, 2017 Алаш-Орда

Тағылым үйіндегі тағзым (фото)

Иə, кешегі күн "Елім!", — деп шын еміренер бір қауым елдің тағылым үйінде бас қосқан күні болды. Осыдан 80 жыл бұрын ұлт ұстазы, көсемі ...

Иə, кешегі күн "Елім!", — деп шын еміренер бір қауым елдің тағылым үйінде бас қосқан күні болды. Осыдан 80 жыл бұрын ұлт ұстазы, көсемі Ахмет Байтұрсынұлының жазықсыз, нақақтан атылған
азалы күні еді. Қазақ жұртының, келешек ұрпағының өзгеге қызықпай, өз жұртының тарихына үңілсе екен деген ерлік істері мен арман-тілектері үшін "халық жауы" атанған ұлт жанашырларымыздың рухына арнап құран бағыштауды борышымыз ретінде санадық.

Алаш Орда

Осы орайда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Филология және әлем тілдері факультеті, «Лингвоарна» ғылыми-зерттеу және оқу әдістемелік орталығы, «Айару» рухани-танымдық қыздар орталығы және Ахмет Байтұрсынұлы музей-үйінің қолдауымен «Алаш мұрасы: жастар көзімен» атты іс-шара өтті.

Алащ орда

Сонымен бірге құрбан болған Алаш Арыстарының рухына арналған түскі ас беріліп, құран оқытылды. ҚазҰУ, ҚазҰТУ жəне АУ студенттері арасында танымдық баяндамалар мен өлеңдер оқылып, бір-бірімен ой бөлісті. Шара барысында ой саларлық, тағылымды сөздер айтқан торғайлық Қайдар Байдебекұлы мен Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Филология факультетінің аға оқытушысы Шортанбев Шоқан ағайымыз студенттердің Алаш мұрасына қызығушылығын арттыра түсті. Ахмет Байтұрсынұлының жиен немересі Айман Байсалова апамыздың келуі де жастарды қуантты.

Алащ орда

Арыстардың рухына берілген астың өтуіне себепкер Алаштың шын жанашыры Райхан Сахыбекқызы мен Ғани Смаханұлының игілікті істері еңбектеген жас пен еңкейген кəріге дейін үлгі аларлық бастама. Студенттер арасында ой-пікір бөлісу аяқталғаннан соң, астың бастамасы ретінде Орталық мешіттің имамы Азамат Айтмұхаметұлы Көшкінбаев құран оқыды.

Алаш Орда

Сонымен қатар, құран бағыштап, қол жаюды парыз деп біліп, жастарға тағылымды сөздерімен ой салған қонақтарымыз Шалқар радиосынан Бақыт Жағыпар, ақын Серік Қалиев, тарихшы-ғалым Нұрдəулет Манкеевтің айтқан жігерлі сөздері жан азығын молайта түсті. 

Алащ орда

Есігінің алдындағы итіне дейін жамандаған адамды жау көріп, беттен алып, төске шабар қазақтың қаны бар кейбір "беделділердің" бұл күнді елемек түгілі, естеріне алуға "қыруар маңызды жұмыстарынан" қолдары тимей жүргендігі біздің жанымызға батады. Өлі риза болмай, тірі байымас. Өткенімізді ұмытсақ, келешігіміздің де басымызға сондай күйді салып бермесіне кім кепіл?! Алаш Арыстарының ерліктерін Айға танытпасақ та, Жерге таптатпайық, бауырлар!

ҚазҰУ Филология және әлем тілдері факультетінің
3-курс студенті Сман Жансая

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір