• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 19:59:53
Алматы
+35°

07 Желтоқсан, 2017 NEWS

Орал қаласының тұрғыны, 29 жастағы Дина Сирияға неліктен кеткенін айтып берді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі mgorod.kz басылымына сүйене отырып.

Төрт баланың анасы Дина 2011 жылы ол әлеуметтік желіде болашақ күйеуімен танысып, онымен бірге Пәкістанға қашып кеткен. Содан кейін олар Түркияға заңсыз өтіп,  үш жыл сол жерде тұрған. Түркияда екі қызы дүниеге келген.

« Біз Сириядағы өмір жайлы видеороликті көрдік. Видеода бәрі жақсы, бәрі шариғат бойынша өмір сүретіні айтылды. 2015 жылы халифат құрылғаны жарияланған кезде біз жақсы өмір іздеп, Сирияға кеттік. Сирияда  тағы екі баланы дүниеге әкелдім. ДАИШ берген ақшаға күн көрдік. Алайда күн сайын төленетін сома қысқарып отырды», — деді Дина.

«Отбасымызбен Сирияға келіп, бос қалған үйлердің бірінде тұрдық. Бірақ Сирияда өмір бізге айтылғандай жақсы емес екен. Ондағылар шариғат заңдарын ұстанбайды. Бізге басында басқа соманы уәде етіп, іс жүзінде одан аз төледі. Оның үсінде әр жолы көлемі азайып отырды. Соңғы рет отбасымызға  30 доллар берді. Бұл ақшаға біз тек азық-түлік пен алғашқы қажеттіліктегі заттарды сатып алдық», — деді төрт баланың анасы.  

Динаның айтуынша, видеороликтерде айтылған өмір шындыққа жанаспайды. Отбасыны шақырған кезде, егер бір нәрсе ұнамаса, кез келген уақытта қайтып кетуге болатынын айтыпты. Бірақ олай болмай шыққан.  

«Ол жақтан сізді сыртқа шығармайды. Қашуға тырысқандарды ұстап әкеліп, түрмеге отырғызады. Қашқанына өкінетінін айтса ғана жібереді. Олай етпесе, өлтіреді. Елімізге оралуымыз керек деген шешімді өзіміз қабылдадық. Алайда ол жақтан жолға шығу өте қиын болды. Кімге сеніп, көмек сұрарыңды білмейсің. Бір күні әйелдер ғана жүруге болатын жолды білетін сириялық табылды. Қыркүйекте өзге қыздармен бірге күрдтерге барып, оларға өзіміз берілдік. Ол жақтан бізді 13 қараша күні Ресей Федерациясының  Грозный қаласына алып келді. Ол жерден ата-анамның үйіне келдім. Күйеуім әлі Сирияда жүр, бірақ ол әскери ұрыстарға қатыспаған.   Сирияда ер адамдарға кету қауіпті. Егер содырлар отбасы қашып кеткенін білсе, оны өлтіреді», — дейді Дина.

Дина төрт баласымен бірге ата-анасымен тұрып жатыр. Дина балаларын балабақша мен мектепке беру үшін оларға құжат жасатпақшы.   

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір