• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 17:37:35
Алматы
+35°

Соғыс басталған кезден 2017 жылдың қыркүйек айына дейін бұл елде азаптаудан 104 мың адам бақилық болған деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі islam.kz-ке сілтеме жасай отырып.

Бұл жайында сириялық құқық қорғаушылар желісінің  есебінде айтылған. Құқық қорғаушылардың дерегіне қарағанда, соғыс өрті тұтанған 2011 жылдың наурыз айынан осы уақытқа дейін азаптаудан көз жұмғандардың арасында 13 мың бала мен 57 мың әйел болған.

Айта кетейік, аталған уақыт аралығында Сирияда 106 727 адам тұтқындалған, олардың 90,15 пайызы, яғни, 85 036 адам мүлде хабар-ошарсыз кеткен. Тағы бір айта кететіні, Сириядағы соғыстан Біріккен Ұлттар ұйымының келтірген мәліметі бойынша 400 мыңнан аса адам опат болған, 10 млн-нан аса сириялық бас сауғалап босып кеткен. 4,8 млн босқын Сирия аумағынан тысқары жерге кеткен.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір