• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 04:04:19
+35°

03 Мамыр, 2018 Оқиғалар

Сирияда ресейлік ұшақ құлап, екі адам қаза тапты

ұшақ Мәскеу уақыты бойынша сағат 9:45-те Хмеймим аэродромнынан ұщып шыққан соң көп ұзамай құлады.

Сирияда ресейлік әскери Су-30М ұшағы апатқа ұшырап, нәтижесінде екі үшқыш қаза тапты. Бұл туралы Ресей Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Министрліктің хабарлауынша, ұшақ Мәскеу уақыты бойынша сағат 9:45-те Хмеймим аэродромнынан ұщып шыққан соң көп ұзамай құлаған.

Алдын ала деректер бойынша, ұшақ қозғалтқышына құсты кіріп кетуі апатқа себеп болған.

Сирияда бұған дейін де ресейлік ұшақ апаттары жиі болып тұрды. Мәселен, 6  наурызда ресейлік Ан-26 әскери ұшағы құлаған. Борт ішінде болған 39 адам түгел мерт болды. Олардың 27-сі офицерлер еді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір