• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 17:03:18
Алматы
+35°

16 Ақпан, 2018 NEWS

Синоптиктер демалыс күндері ауа райы қандай болатынын айтты

Демалыс күндері елімізде жауын-шашынсыз аязды ауа райы күтілуде

2018 жылғы 17-19  ақпан аралығындағы арналған ауа райы болжамын Qamshy.kz ақпарат агенттігі Қазгидромет мәліметіне сүйеніп хабарлайды. 

Демалыс күндері елімізде жауын-шашынсыз аязды ауа райы күтілуде. Ресейдің еуропалық бөлігінен Қазақстанға ауысқан антициклон демалыс күндері еліміздің көптеген аудандарында аязды, көбінесе жауын-шашынсыз ауа райын ұстап тұрады. Бірақ оңтүстік-шығысының таулы және тау бөктері аудандарында суық атмосфералық фронттың әсері сақталып,  әлі де қар жауады. 

Алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа температурасы климаттық нормадан 2-4 ° C-тан төмен болады деп күтілуде.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір