• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 21:47:28
Алматы
+35°

13 Қаңтар, 2018 NEWS

Синоптиктер демалыс күндері ауа райы қандай болатынын айтты

Республиканың солтүстік аймақтарына қатты жел мен ақтүтек боран алып келген суық атмосфералық ағымдар Батыс Сібірдің оңтүстігіне қарай ығысты

Қазақстанның солтүстігінде суық антициклон әсерінен ауа температурасы төмендейді,  деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Қазгидромет мәліметіне сүйеніп.  

Синоптиктердің ақпаратынша, республиканың солтүстік аймақтарына қатты жел мен ақтүтек боран алып келген суық атмосфералық ағымдар Батыс Сібірдің оңтүстігіне қарай ығысты. 

"Оның орнына Ресейдің еуропалық бөлігінің солтүстік-батыс аймақтарынан суық антициклон жылжып келеді. Соның әсерінен республиканың басым аумағында күн суытады", — дейді синоптиктер. 

Ал Қазақстанның оңтүстік-шығыс және шығыс өңірлерінде алдағы күндері қар жауады,  Іле Алатауында қалың қар жауады деп болжанып отыр. Күннің суытуына қарамастан, республикадағы ауа температурасы қалыпты деңгейге жақын болады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір