• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 12:27:42
Алматы
+35°

20 Қараша, 2017 NEWS

SYNERGY GLOBAL FORUM: Майк Тайсон мен Ник Вуйчич Алматыда

Майк Тайсон мен Ник Вуйчичтің қатысуымен1-2 желтоқсан күндері Алматыда SYNERGY GLOBAL форумы өтеді.

1-ші, 2-ші желтоқсанда Алматыда SYNERGY GLOBAL форумы өтеді деп хабарлайды  Qamshy.kz ақпарат агенттігі

 9000-ға жуық адамды қамтитын Алматы аренада әлемге әйгілі спикерлер - Ник Вуйчич пен Майк Тайсонның қатысуымен Қазақстан бойынша ең ірі бизнес форум өткізілмек.

Халықаралық деңгейде өтетін «SYNERGY GLOBAL FORUM»  — мүмкіндіктер алаңы.  

Форумда талқыланатын тақырыптар: арманыңды мақсатқа айналдырып, алға қарай қадам басу; сүйікті істі табысты кәсіпке айналдыру; Қазақстанның дамуына үлкен үлес қосып келе жатқан ірі кәсіпкерлермен танысу мен өз ортаңды, ой-өрісіңді білікті де білімді азамттармен пікір талас жүргізе отырып кеңейту; әлемдік спикерлер, табысты ұйымдарды құрушылардың тәжірибелерінен алынған кеңестеріне қанық болу; өмірге деген ынтаны арттыру; әлемді басқа қырынан тану.

Өміріңнің түбегейлі өзгеруіне  түрткі болатын, қысылу мен қымтырылуды ұмыттыратын, сарқылмас энергия беретін, армандарды жүзеге асыруға итермелейтін, дамудың жолын сілтейтін қайталанбас бизнес форум – өмірге деген шабытыңды оятары сөзсіз.

Synergy Global Forum жайлы толығырақ ақпаратты synergyglobal.kz сайтынан біле аласыздар.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір