• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 00:26:54
Алматы
+35°

02 Ақпан, 2018 Экономика

Цифрландырудан тыс қалу тас дәуірінде қалғанмен бірдей – Сағынтаев

Бүгінгі таңда Қазақстан елдің цифрлық экономикасын дамытудың негізін дайындап қойды.

«Жаһандану дәуіріндегі цифрлық күн тәртібі» форумында ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев цифрлық күн тәртібі аясында Қазақстанның атқарып жатқан жұмысын баяндады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

–Қазақстан екі жыл үкімет болып цифрлық күн тәртібі аясында өмір сүреді. Меніңше, біз кетіп бара жатқан пойызға ілестік. Купеге жеткенде әріптестерімзді көрдік. Енді біз бір-бірімізді қолдап, бірге қозғалып келеміз. Электрондық қызметтер туралы он жыл бұрын енгізе бастадық. Бүгінгі күнгі мүмкіндіктерге қарасақ, біз қоғам сұранысынан қалып келеміз. Сондықтан амбциялық мақсаттарды қолға алдық. Мемлекеттік қызметтердің 80 пайызын электрондық нұсқаға ауыстыруды көздеп отырмыз. Ауылдарға, мектептерге жеткілікті инетрнет мүмкіндіктерін ждасадық. 2020 жылға дейін барлық базалық елді мекендерді интернетпен қамьтамасыз етеміз. Бұл жерде білім деңгейі де қалыс қалмауы керек, әрине.

Цифрландырудан қалсаң, тас дәуірінде қалғандай боласың. Сол себепті осы мәселені қолға алып, барлық саланы осы бағдарламаға қарай бұрып келеміз. Егер барлық бағыттар бойынша жылжысақ, межеге жетеміз. Ол үшін тиісті эко жүйе керек», – деді Сағынтаев.

Былтыр Қазақстанның үшінші жаңғыруы іске қосылды. Индустриялдандыру бағдарламасы да сәтті іске асырылуда. Сағынтаевтың айтуынша, индустрияландыру артықшылықтарын қолдана отырып, неғұрлым инновациялық бола түседі және Назарбаев университеті, АХҚО және халықаралық АТ технопарк сияқты инновациялық орталықтардың айналасына шоғырланатын болады.

–Инфрақұрылымдарды барынша қалыптастырып келе жатырмыз. Сондай-ақ төрт еркіндікті алға тартып отырмыз. Біріншіден, цифрлық қызметтерімізді басқа елдерге қол жетімді етуіміз керек. ЭКСПО аумағында IT HUB құрдық. Оны жарты жылдан кейін іске қосамыз. Ол туралы заңдар шығарылды. Абсолютті ағылшын тілі негізіндегі заң қабылданды. Сол арқылы әлемдегі таланттарды тартуды көздеп отырмыз. Осы турасында көп жұмыс атьқарамыз.

Қауіпсіздік турасында да жұмыстар атқарылуда. Жалпы цифрлық платформа турасында айтсақ, ешқандай шеңбер жоқ, шектеу жоқ, – деді ол.

2 ақпанда Алматыда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастауымен «Жаһандану дәуіріндегі цифрлық күн тәртібі» атты халықаралық форум басталды.

Алқалы жиынға Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан және Тәжікстан премьер-министрлері, сондай-ақ әлемдік IT салысының мамандары жиналды. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір