• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 16:00:26
Алматы
+35°

21 Маусым, 2018 NEWS

Цифрландыру ісімізді жеңілдетеді – Арман Баймұхамет

Еңбек мигранттары интернет арқылы орталықтың сайтына кіріп, уақытша тұру мүмкіндігін ұзарта алады

Цифрлық технологиялар жұмысымызды жеңілдетеді. Біз бұл технологияларды қызметімізде қолданамыз, дейді Астана қаласы ІІД-нің көші-қон қызметі басқармасының бастығы Арман Баймұхамет.

Оның айтуынша, еңбек мигранттары интернет арқылы орталықтың сайтына кіріп, уақытша тұру мүмкіндігін ұзарта алады.

«Еңбек мигрангтары интернет арқылы порталымызға кіріп, уақытша тұру мүмкіндігін ұзарта алады. Ал, алдағы уақытта тағы да цифрлық технологиялардың қолдану аясын кеңітетін боламыз», – деді А. Баймұхамет.

Сондай-ақ, елордада көші-қон қызметін жеңілдету үшін ашылған миграциялық ХҚКО өз тиімділіктерін көрсетуде. Құжат алуға кететін уақыт азайып, қызмет көрсету аясы оңтайландырылды.

«Бұрын құжаттарын алу үшін шет ел азаматтары 4 күннен 6 күнге дейін уақыт жұмсайтын. Қазір 1 күннің ішінде құжаттарын рәсімдей алады. Негізінде жоспар бойынша 1 сағат деп есептеген едік. Бұл енді пилоттық жоба болғандықтан, біртіндеп аталған көрсеткішке жететін боламыз», – деді басқарма бастығы.

Айта кетейік, еліміздегі ең алғашқы миграциялық халыққа қызмет көрсету орталығы 2018 жылдың 12 қаңтарында пилоттық жоба ретінде Астана қаласында ашылған болатын. Ол орталық А. Иманов 31 көшесінде орналасқан. Аталған орталық сағат таңғы 9.00-ден кешкі 18.30-ға дейін үзіліссіз жұмыс істейді. Миграциялық ХҚКО-ның ашылуындағы негізгі мақсат - көші-қон қызметін оңтайландыру болып табылады.  Ол өз кезегінде көші-қон саласындағы кедергілерді жоюға бағытталып, шетелдік азаматтарға мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетуде. Бүгінде орталықта банк, саусақ таңбасын алушылар, медициналық пункт, емханалық сақтандыру орны мен нотариус бар. Осылардың барлығының бір орталықта шоғырлануы уақытты үнемдеуге өз септігін тигізіп жатыр.

Худасова Перизат Көмекбайқызы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір