• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 08:52:46
Алматы
+35°

20 Наурыз, 2018 Оқиғалар

Си Цзиньпинге Қытайды өмір бойы басқаруға мүмкіндік берілді

Қытайлық көшбасшы кездесуде ел аумағы ешқашан бөлінбейтінін айтты.

Қытайдың негізгі заң шығарушы органының депутаттары - Ұлттық халық конгресі (ҰПК) Конституцияға енгізілген түзетулерді мақұлдады. Түзетулер бойынша  ҚХР төрағалығына бес жыл сайын сайланып отырмайды. Си Цзиньпинге Қытайды мәңгі басқаруға мүмкіндік берілді. Бұл туралы Associated Press мәлімдеді. Бұрын осы позицияда қызмет мерзімі екі бес жылмен шектелетін.

ХІІ жалпыхалықтық конгрессінің бірінші сессиясы Президент Си Цзиньпиннің екінші мерзімге қайта сайлануымен, мемлекеттік бюджеттің және экономикалық даму жоспарының қабылдануымен аяқталды.

Қытайлық көшбасшы кездесуде ел аумағы ешқашан бөлінбейтінін айтты. Ол Тайваньды Қытайдан ажыратуға бағытталған  кез келген әрекеттің сәтсіздікке ұшырайтынын айтып өтті.

Сессия 5 наурызда ашылды және шиеленісті күн тәртібіне байланысты әдеттегіден 5 күнге ұзартылды, деп жазды РИА Новости. Оған шамамен 3 мыңға жуық депутат қатысты.

Си Цзиньпин 2012 жылы КҚК Орталық комитетінің бас хатшысы, ал 2013 жылы ҚХР төрағасы болды. Өткен жылдың қарашасында Коммунистік партияның Орталық Комитетінің бас хатшысы болып қайта сайланды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір