• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 14:46:12
Алматы
+35°

21 Қараша, 2017 NEWS

Суицид жасағандар бөлек жерленетін болады (ВИДЕО)

Ақмола облысында өз-өзіне қол жұмсағандарды бөлек  жерге жерлеу қолға алына бастаған.

Ақмола облысында өз-өзіне қол жұмсағандарды бөлек  жерге жерлеу қолға алына бастаған. Бұл Көкшетау маңындағы Красный Яр елді мекені имамының бастамасы, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі informburo.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

Алғашқы жылдары мұндай шешімді түсінбеген халық шу шығарып, біраз наразылықтарын да білдірген. Алайда имам суицидті азайтып, халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында осындай шешім қабылдағанын айтты.

«Красный Яр ауылындағы зираттың ең шетіндегі молада жерленген бойжеткен 2010 жылы қайтыс болыпты. Небәрі 18 жастағы бір үйдің жалғыз қызы оқып жүрген колледждің жатақханасында өз-өзіне қол жұмсаған. Өкініштісі уақыт өткен сайын бұл жердегі молалардың қатары қалыңдап келеді. Мезгілсіз өлімнен көз жұмғандардың басым бөлігі – жастар. «Жалпы, жас болсын, кәрі болсын, адам баласы өз-өзіне қол жұмсауы үлкен қате. Шариғатқа сүйеніп, бөлек жерлеудің басты себебі де осы», — дейді Красный Яр мешітінің бас имамы Науан Мүтәлұлы.  

«Бұл біздің балаларымыздың, біздің болашағымыздың мәселесі. Егер біз қазірдің өзінде суицид бойынша алдыңғы қатарда тұрсақ, ертеңгі күніміздің қандай болатынын ойлаудың өзі қорқынышты. Өз-өзіне қол жұмсаудың басты себебі – отбасындағы жанжал, түсініспеушілік», — деп пікір білдірді психотерапевт-дәрігер Әлия Нұрғазина. 

«Әбу Ханифа мұны үлкен күнә деп есептеп, жаназасын шығарады. Бірақ, бұның жаназасын фәтуа бойынша әкімдер, патшалар, имамдар шығармайды. Қатардағы намазхан адамдар шығарады. Себебі, халыққа бұл жек көрінішті амал екенін көрсету мақсатында. Науан Мүтәлұлының айтуынша, өз-өзіне қол жұмсағандардың бөлек жерленетінін көріп, суицид жасау туралы ойынан бас тартқандар да болыпты. Бір әйел баласы 7 жасқа толғаннан кейін, күйеуімнің артынан кетем деген шешім қабылдаған. Бірақ, осы өз-өзіне қол жұмсаған қыздың жаназасында өз-өзіне қол жұмсаған дұрыс еместігін естігеннен кейін райынан қайтып, тәубесіне келген. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, еліміз жас балалардың суицид жасауынан тоғызыншы орынға тұрақтаса, 15-29 жас аралығындағы азаматтардың өз-өзіне қол жұмсауы бойынша Үндістан, Солтүстік Корея, Зимбабведен кейін төртінші орынға жеткен. Суицид жасағандарды бөлек жерлеуге  «Ауыл адамдары бастапқыда қарсы шыққанмен, уақыт өте дұрыс екендігіне көздері жетті. Мұндағы  басты мақсат: суицидтің алдын алу, адамдардың шалыс басуына жол бермеу», — дейді имам. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір