• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 10:40:35
Алматы
+35°

16 Ақпан, 2018 Әлеумет

Суреттің бірін таңдап, өз мінезіңізді анықтаңыз

Адамға сенгіш жансыз. Өміріңізге кез келген адам кіре алады. Жүрегіңіз де өзгелер үшін ашық есік әрізді. Өзгелерден алшақтағаннан гөрі тәуекелге барасыз

Көз ешқашан алдамайды. Ендеше төмендегі тоғыз суреттің бірін таңдап, өз мінезіңізді анықтаңыз. 

фото

Жауабы:

  1. Адамға сенгіш жансыз. Өміріңізге кез келген адам кіре алады. Жүрегіңіз де өзгелер үшін ашық есік әрізді. Өзгелерден алшақтағаннан гөрі тәуекелге барып, «таяқ жегенді» жөн санайсыз. Ешкімге қорқынышыңыз бен сенімсіздігіңізді көрсетпейсіз. Сіздің ойыңызша әр адам өз қиындықтарымен өзі күресуі керек. Өзгелерге көмектесу арқылы сіз өз дертіңізге ем іздейсіз.
  2. Үздік болуға ұмтылатын жан. Барлығын дұрыс істеп, өзіңіз жайыл жақсы ой қалдыруға ұмтыласыз. "Менің әрекетім өзгелердің өмірі үшін маңызды" деген пікірді ұстанасыз. Сіз жабыққан сәттеріңізде ешкіммен ой бөліскіңіз келмейді.
  3. Әлеміңіз басқа, талғамыңыз ерекше. Өмірден өз орнын іздеп жүрген адамдар типі. Өзгелерде ойыңызда не бар екенін көрсетпейсіз. Құлағаннан соң қайта тұрудың шеберісіз.
  4. Ойланып әрекет жасағанды ұнатасыз. Әр дүниенің жасырын тұстарын біліп аласыз. Терең ойға шомып кеткен соң одан шығу сізге қиынға соғады. "Өмірді сүру үшін көп ойлану керек" деген принципті ұстанасыз.
  5. Жұмбақ жан. Сіз тіпті өзіңізге жұмбақсыз...Сізді түсінетіндердің қатары тым сирек. Көңіл-күйіңіз тез ауысады. Көп сөйлемейтін, өзгелерді шатастырып жүретін жансыз. Кейде өз-өзіңізді түсінбей қаласыз. Бір адаммен әңгіме бастамас бұрын оны сырттай бақылағанды ұнатасыз.
  6. Қырағы көзді адам. Жан-жағыңызда болып жатқанның бәрінен хабардарсыз және ештеңе ұмытпайсыз. Сіз өте сезімтал жансыз және сізге ұсақ дүниелердің өзі әсер етеді. Сізді жылату да, күлдіру де оңай. Өзіңіздің нәзік екеніңізді көпшілікке көрсете бермейсіз. Сезімтал қасиетіңіз басым тұрады.
  7. Сіз энергиясы, күш пен қуаты бойында тасып жүретін жансыз...немесе ғашықсыз. Өте сезімталсыз. Адамдарды жақсы көремін, жақсы көрмеймін деп екі топқа бөліп алғансыз. Кез келген шешімді тез қабылдайсыз. Бойыңызда энергия көп болғанымен, ашулы қалыпта да көп жүресіз. Кейде өз ойыңызда шытырман оқиғаны құрып аласыз.
  8. Қызығушылығыңыз бен ойыңыз да өзгеше, табиғатыңыз бөлек. Ережелерді жақсы көресіз. «Не болса о болсын, қалағанымды аламын» деген принцип бойынша жүресіз. Мінезіңіз ашық. Сізді өзгерткісі келетіндерге күліп қарау әдетіңізге айналған.
  9. Өзгелер мен әлемді түсіне білесіз. Адамдардың түрі мен сөйлеу мәнеріне қарап мінезін біліп, тану қасиеті бойыңызда бар. Өтірік айтқандарды біліп қоясыз. Көңіліңіз қаласа өзгелерге жоғарыдан қарай аласыз.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір