• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 22:53:23
Алматы
+35°

17 Маусым, 2018 Аймақтар

«Суперотбасы - 2» анимациялық фильмінің тұсауы кесілді

Шараға облыс әкімінің орынбасары Ербол Садыр қатысып, облыс басшысының құттықтауын жеткізді

«Суперотбасы - 2» анимациялық  фильмінің тұсауы кесілді.

Шымкент қаласындағы «Mega Planet Shymkent» кинотеатрында қазақ тілінде жарық көрген  «Суперотбасы - 2» анимациялық  фильмінің тұсауы кесілді.

Шараға облыс әкімінің орынбасары Ербол Садыр қатысып, облыс басшысының құттықтауын жеткізді.

«Суперотбасы- 2» фильмі - «Болашақ» Корпоративтік қоры қазақ тіліне тәржімалаған 24-ші туынды. Қазақ тіліндегі дубляждың режиссері Шах-Мұрат Ордабаев. 

«Суперотбасы - 2» фильмі жас актерлер - Дидар Құралбаев пен Айкөркем Әділгерееваның дебютті жұмысына айналды.

Дубляж жасайтын актерлерді іздестіру барысында ұзақ уақыт бойы Виолеттаның кейіпкері үшін дауыс таба алмаған фильмнің дубляждық тобы Қазақстан бойынша іздестіру жұмыстары барысында  Айкөркем Әділгерееваны таңдаса,  Шастик рөлін дыбыстауға жас актер Дидар Құралбаев лайық деп танылды. «Шастиктің» аты қазақ тіліне «Желаяқ» деп аударылған.  Фильмге  60-тан аса актер ат салысты.

Шараға қатысушылар салтанатты ашылудан соң «Суперотбасы - 2» анимациялық  фильмін тамашалады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір