• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 10:18:07
Алматы
+35°

23 Мамыр, 2018 IT

Цукерберг әлеуметтік желі нарығындағы Facebook-тың монополиясы жайлы айтты

Цукерберг депутаттардың Facebook-тың әлеуметтік желі нарығындағы орны жайлы сұрақтарына жауап берді.

Сейсенбі, 22 мамырда Facebook басшысы Марк Цукерберг Брюссельде Еуропарламент депутаттарымен кездесіп, сөз сөйледі.

Азаттық берген мәліметке сүйенсек, кездесу барысында Cambridge Analytica фирмасы арқылы қолданушылардың жеке деректерінің жарияланып кету мәселесі сөз болған.

Цукерберг депутаттардың Facebook-тың әлеуметтік желі нарығындағы монополиясы жайлы сұрақтарына жауап берді.

Сонымен қатар, мәліметтер базасының бұзылғанына және саяси кампания кезінде әлеуметтік желінің «жалған хабар» таратып, жеккөрушілікті тудыруда пайдаланылғанына Цукерберг кінәлі екенін мойындады. АҚШ-та жүргізіліп жатқан тергеу мәліметінше, Facebook АҚШ-тағы президент сайлауы қарсаңында сайлау кампаниясына килігу үшін ресейлік "интернет-тролльдерді" пайдаланған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір